Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық

қазақ музыкалық драма театрының тарихы

Нұр-Сұлтан қалалық Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 1991 жылы 15 қарашада Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясымен өз шымылдығын ашты. Алғашқы қойылымды театрдың негізін қалаушы дарынды режиссер Жақып Омаров сахналады. Театр өзінің алғашқы жүлдесін 1996 жылы Уфа қаласында Түркітілдес мемлекеттер арасында өткен Халықаралық «Туғанлық» театр фестивалінде алды. Онда Ш. Хұсайыновтың «Алдар Көсе» музыкалық комедиясы лауреат атанды.

Бүгінде ұлттың рухани қажеттілігін өтеп отырған киелі шаңыраққа дарынды өнер қайраткерлері:

– Жақып Омаров 1991-1996 жылдары;

– Қазақстанның Халық артисі Қадыр Жетпісбаев 1996-1998 жылдары;

– Кеңес Одағының Халық артисі, «Халық Қаһарманы» Әзірбайжан Мәмбетов 1999-2009 жылдары жетекшілік етті.

2011 жылы 14 желтоқсанда Театр ұжымына «Мемлекеттік академиялық театр» мәртебесі берілді.

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының репертуары көнеден келе жатқан классикалық өнер туындыларын заманға сай жаңартып, жаңаша қойылымдармен толықтырып келеді.

Театр репертуарында:

М.Әуезовтің «Абай», Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн», «Аққудың көз жасы», «Қызыл орамалды шынарым», С.Тұрғынбекұлының «Мұқағали», «Шәмші», Ұ.Есдәулеттің «Зере», А.Дударевтің «Кеш», Дж.Патриктің «Қымбатты Памела», Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы», Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние», А.Вальехоның «Күн сәулесі түспеген», А.Чеховтың «Шие», Қ.Жүнісовтің «Сәкен-Сұңқар», Р. Отарбаевтың «Әміре», Ж.М.Шевренің «Ізгілік формуласы», У.Шекспирдың «Отелло», А.Вальехо «Күн сәулесі түспеген», В.Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар», М.Әуезов пен Қ.Ысқақтың «Қараш-Қараш», О.Жанайдаровтың «Жұт», А.Чехов «Шие», Р.Мұқанова «Сарра», О.Жанайдаровтың «Жұт», С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркек», А.Айларов «Сүрінген сүрбойдақ», К.Кизи «7+1», Р.Куни «Туған күн», Ф.Бордон «Қардағы көгершіннің ізі», Э.Хушвақтовтың «Қызыл алма», М.Байжиевтің «Тіл табысқандар», балаларға арналған халық ертегісі «Ер Төстік», М.Машаду «Күлше қыз», Т.Теменовтің «Ырылдақ күшік» сынды қойылымдарын театр сахнасынан көре аласыз.

Театрдың әр жылдары иеленген жүлделері мен үздік қойылымдарын атап өтер болсақ:

– 1999 жылы Каир қаласында өткен дүниежүзілік Театрлар фестивалі;

– 2000 жылы Германия Федеративтік Республикасының үлкен бес қаласына гастрольдік сапары;

– 2001 жылы Ресей Федерациясының Омбы қаласында Нұр-Сұлтан қаласы театрының онкүндігін өткізуі;

– 2002 жылы Нұр-Сұлтан қаласының Мәскеуде өткен өнер күндерінің аясында Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклімен «Моссовет» театр сахнасында;

– 2010 жылы қаңтар айында Иран Республикасы, Тегеран қаласында Мәдениет Институтының ұйымдастыруымен өткен Фаджр атындағы Халықаралық театр фестиваліне Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» (спектакльдің қоюшы режиссері – Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов) шығармасымен үздік деп танылды;

– 2010 жылы Қарағанды қаласында өткен ХVІІ Республикалық театр фестивалінде режиссер Нұрлан Жұманиязов сахналаған «Үйлену» спектаклі жүлделі II-ші орынды иеленді;

– 2010 жылдың қыркүйек айында театр Тараз қаласында өткен Республикалық ХVIII Қазақстан театрларының фестиваліне А. Дударевтің «Кеш» (қойылымның режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов) драмасымен барып Гран-при иеленді;

– 2011 жылы Шымкент қаласында 25-27 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Халықаралық театр күніне арналған «Театр көктемі – 2011» республикалық аймақтық театрлар фестивалінде «Сен үшін» комедиясы (авторы Е. Жуасбек, қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов) «Ең үздік қойылым» номинациясын жеңіп алды;

– 2011 жылдың 23-26 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Ұлттық театрлардың республикалық фестивалінде Д. Рамазанның «Кенесары-Күнімжан» драмасы «Ең үздік ұлттық авторлардың драматургиясы үшін» және актер Сырым Қашқабаев – «Ең үздік ер адам бейнесі» номинацияларын жеңіп алды;

– 2012 жылдың 16-24 қыркүйек аралығында Орал қаласында өткен Ә. Мамбетовтің 80-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XX Республикалық фестиваліне Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясымен қатысып, «Қадыр Мырзалиев атындағы» арнайы сыйлықты және Науан бейнесін сомдаған актер, ҚР халық артисі Тілектес Мейрамов «Ең үздік ер бейнесі» номинацияларын иеленіп қайтты. Қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Нұрлан Жұманиязов;

– 2012 жылдың 1-5 қазан аралығында Қостанай қаласында І. Омаровтың 100 жылдығына арналған Республикалық Театрлар фестиваліне Ж.М. Шевренің «Ізгілік формуласы» атты комедиямен қатысып, «Ең үздік әйел» номинациясына ҚР еңбек сіңірген қайраткері Лейло Бекназар-Ханинга мен ҚР еңбек сінірген артисі Жанат Чайкина иеленсе, «Үміт» номинациясы жас актриса Айнұр Жетпісбаеваға берілді. Спектакльдің қоюшы режиссері – Әлімбек Оразбеков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері;

– 2012 жылдың 20-26 қазан аралығында Алматы қаласында Орталық Азия Мемлекеттерінің IV Халықаралық Театрлар фестиваліне әлемдік классиканың хас шебері, ұлы драматург У. Шекспирдің «Гамлет» трагедиясымен қатысты. Қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Болат Ұзақов. Аталмыш спектакльге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Орталық Азия мемлекеттерінің IV Халықаралық Театрлар фестиваліне қатысқаны үшін АЛҒЫС ХАТ табыс етті. Ал Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актер Өтеуілов Нұркен «Ең үздік ер бейнесі» номинациясын жеңіп алды;

– 2012 жылы 10-16 қараша аралығында Түркия Мемлекетінің Стамбул, Анкара қалаларында Думан Рамазанның «Кенесары - Күнімжан» драмасын түрік тілінде сахналап қайтты. Қоюшы режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Болат Ұзақов;

– 2013 жылдың 23-29 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында Қазақстанның Халық жазушысы, драматург – Т.Ахтановтың 90-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXI Республикалық фестиваліне Ш. Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасымен қатысып «Ең үздік актерлік ансамбль» номинациясын иеленіп келді. Қоюшы режиссері – Болат Ұзақов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері;

– 2014 жылдың 15-18 мамыр аралығында Павлодар қаласында өткен қайраткер, тұлға, жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналған «Алаш Ардақтысы» аймақтық театр фестиваліне Әкім Таразидің «Люстра» шығармасының желісі бойынша сахналанған «Үкілі жұлдыз» фарс трагедиясымен қатысып Гран-приді жеңіп алды. Спектакльдің қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков;

– 2014 жылы Қызылорда қаласында өткен КСРО және Қазақстанның халық артисі С. Майқанованың 100 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан театрларының XXII республикалық фестиваліне Ш. Айтматовтың «Ана-Жер ана» спектаклімен қатысып, ҚР Халық артисі Г. Әспетова «Сабира Майқанова» атындағы арнайы жүлдені иеленсе, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Т. Атымтаева «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясын жеңіп алды. Қоюшы режиссер, «Халық қаһарманы» – Ә. Мәмбетов, режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайтарткері – Б. Құрманғожаев;

– 2014 жылы V Орталық Азия мемлекеттерінің Халықаралық театр фестиваліне Ж. Ануйдың «Жалын жұтқан Жанна ДꞌАрк» драмасымен қатысып Гран-приді иеленді. Сондай-ақ, актриса А. Бермұхамбетова «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясына ие болды. Қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Ә.Оразбек;

– 2015 жылы Өскемен қаласында өткен XXIII Республикалық театрлар фестиваліне В. Ежовтың «Бұлбұлдар түні» пьесасының негізінде сахналанған «Тыраулап ұшқан тырналар» атты лирикалық драмамен қатысып, «Үздік режиссерлік шешім» номинациясына ие болды. Қойылым режиссері, Қазақстанның Халық артисі – Т. Теменов;

– 2015 жылы Атырау қаласында өткен драматург Рахымжан Отарбаевтың Халықаралық театр фестивалінде «Көлеңкесіз жолаушы» драмасымен қатысып, режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Н. Жұманиязов «Үздік режиссер» номинациясын, актриса А. Бермұхамбетова «Үздік актриса» номинациясына ие болды;

– 2015 жылы 29 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Мәскеуде қаласында XIII Халықаралық «Золотой Витязь» театр форумында «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасымен қатысып, Гран-при иегері атанды. Сондай-ақ, қойылым барысында өз өнерлерін ортаға салған Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов – полковник Лукьянов, актер Әбілмансұр Серіков – Пернебек Боранбаев, актриса Ақмарал Танабаева – Инга рөлдері үшін «Золотой Витязьдің» алтын дипломанттары атанды.

– 2016 жылдың 12-16 қыркүйегі аралығында Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық фестивалінен «ШИЕ» комедиясы «Үздік спектакль» номинациясы иегері атанды.

– 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Орта Азия мемлекеттерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» VI халықаралық Қазақстан драма театрларының фестиваліне А.Чеховтың «Шие» спектаклімен қатысып, Гран-При жүлдесін ұтып алды.

– 2017 жылы Челябі қаласында (Ресей) МАУ «Спартак балалар мен жасөспірімдердің кино-театр орталығы» өткізетін «CHELoBEK ТЕАТРА» V Халықаралық кіші форм театр фестиваліне А. Чеховтың «ШИЕ» комедиясымен қатысып, сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.

– 2017 жылы Маусым айында Татарстан Республикасының Қазан қаласындаөткен Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестиваліне А.Чеховтің «ШИЕ» комедиясымен қатысып, театр сарапшыларының жоғарғы бағасын алды.

– 2018 жылдың жетістіктері:

30 қазан мен 6 қараша күндері аралығында Талдықорған қаласында өткен Орталық Азия елдерінің VII Халықаралық театр фестиваліне қатысты. Фестиваль Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналды. Фестиваль сарапшылары мен көрермендері назарына М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» қойылымы ұсынылды.

12 қараша күні «Айтматов және театр» Халықаралық театр фестивалі аясында фестиваль сарапшылары мен Бішкек қаласының тұрғындары назарына «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы ұсынылды. Авторы – Шыңғыс Айтматов. Режиссері – Қазақстанның Халық артсиі, профессор Талғат Теменов.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Нұр-Сұлтан» II Дүниежүзілік театр фестиваліне «ОТЕЛЛО» (Авторы: У.Шекспир, реж.: Т. Теменов, Қазақстанның Халық артисі) трагедиясымен қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «SAMGAU» VI Халықаралық Театр фестиваліне «Қымбатты Памелла» (Авторы:Дж.Патрик, реж,. Ю.Ханинга-Бекназар) комедиясымен қатысты.

Мәскеу қаласында өткен XVI Халықаралық «ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ» театр форумына «ОТЕЛЛО» (Авторы: У.Шекспир, реж.: Т. Теменов, Қазақстанның Халық артисі) трагедиясымен қатысып, қазылар алқасының шешімімен «ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ 2018» ГРАН-ПРИ иегері атанды.

МАРАПАТТАР:

Театрымыздың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Халық артисі, кино және театр режиссері - Талғат Теменов – II Дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Қазақстанның Халық артисі Гүлжан Әспетова «Нұр-Сұлтан – 20 жыл» мерекелік медалімен, «SAMGAU» VI Халықаралық Театр фестивалінде «Үздік актриса» номинация иегері атанды.

27 наурыз Халықаралық Театр күні «Шәмші» қойылымы үшін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Болат Ұзақов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Ә.Исекешевтің Алғыс хатымен марапатталды. «ШӘМШІ» спектаклі болса «Алтын шымылдық» сыйлығының «Жыл көзайымы» номинациясымен марапатталды.

«Astana Film Academy» ұйымдастырған «Мемлекет мақтанышы -2018» сыйлығында Нүркен Өтеуілов «Үздік актер» номинациясына ие болды.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актриса Алтынай Нөгербек «Анаға апарар жол» фильміндегі Ана рөлі үшін «Мемлекеттік сыйлық» иегері атанды.

ҚР еңбек сіңірген актрисасы Нұрзада Ташимова «Құрмет» орденімен марапатталды.

Жанат Оспанов, Шах-Мұрат Ордабаев және Олжас Жақыпбек ҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері атанды.

«САХНАГЕР-2017» Тұңғыш ұлттық сыйлығы:

«Сахналық ғұмыр» аталымы бойынша – Лейло Бекназар-Ханинга ие болды;

«Үміт» аталымы бойынша –Жанат Оспанов марапатталды.

Талдықорған қаласында өткен Орталық Азия елдерінің VII Халықаралық театр фестиваліне М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» қойылымы ұсынылып, спектакльдің қоюшы режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков «Үздік режиссер» номинациясын, басты рөлдерді сомдаған Жанат Оспанов пен Олжас Жақыпбек «Дебют» аталымы бойынша марапатталды.

«Айтматов және театр» Халықаралық театр фестивалі аясында фестиваль сарапшылары мен Бішкек қаласының тұрғындары назарына «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы ұсынылды. Фестиваль нәтижесі бойынша, спектакльде басты рөлді сомдаған актер Әбілмансұр Серіков «Үздік ер адам бейнесі» аталымына ие болды.

Нұр-Сұлтанның 20 жылдығына орай еліміздің өңірлерінде өткен «Ақ тілекпен, Нұр-Сұлтан» атты Нұр-Сұлтан қаласының мәдени күндерін ұйымдастыруға қосқан зор үлесі үшін қала әкімі Бахыт Сұлтановтың атынан «Алғыс хат»-пен театр директоры А.Сексенбаев пен директордың орынбасары Қ.Қалымов марапатталды.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ:

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының шығармашылық ұжымында: режиссер, Қазақстанның Халық артисі – Т. Теменов, режиссерлер, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері – Б. Ұзақов, Н. Жұманиязов, Ә. Оразбеков қызмет етеді. Театр директорының қызметін – А. Сексенбаев атқарады. Театрдың көркемдік жетекшісі - режиссер, профессор, Қазақстанның Халық артисі – Т. Теменов,

Актерлық құрамында – 59 актер, оның ішінде

Қазақстанның Халық артистері – Гүлжан Аспетова, Тілектес Мейрамов, Қорлан Қалиламбекова;

Қазақстанның еңбек сіңірген артистері - Рымкеш Омарханова, Нұрзада Ташимова, Жұмагүл Мейрамова, Жанат Чайкина;

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Түймехан Атымтаева, Омар Ақыш, Қылышбай Гүлбаршын, Бақыт Исабекова, Айман Аймағамбет, Күлия Қожахметова, Лейло Бекназар-Ханинга, Кеңес Нұрланов, Боранбай Молдабаев, Мейрам Қайсанов, Кеңесбай Нұрланов, Ерлан Малаев, Алтынай Нөгербек, Нүркен Өтеуілов, Қуандық Қыстықбаев, Айнұр Бермүхамбетова, Сырым Қашқабаев, Жанқалдыбек Төленбаев,

ҚР Жастар одағы сыйлығының иегері- Ботагөз Мақсұтова,

ҚР Жастар одағы сыйлығының иегері- Жасұлан Ерболат;

Қазақстан «Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегерлері- Сая Тоқманғалиева, Таңсұлу Баталова, Жанат Оспанов, Шах-Мұрат Ордабаев, Олжас Жақыпбек.

Театр және кино артистері – Майра Омар, Зибагүл Карина, Ержан Нұрымбет, Самат Байыров, Бақыт Жұмғұлова, Бақытгүл Батырханова, Сұлтан Асхат, Аманжол Молдахмет, Бұғыбай Қасымхан, Жәнібек Мұсаев, Алимов Дастан, Айшолпан Ибраева, Карпсейітова Айман, Гаухар Жүсіпова, Жанар Қасымова, Айнұр Жетпісбаева, Нұрсұлтан Есен, Әбілмансұр Серіков, Ақмарал Танабаева, Алтынгүл Серкебаева, Инабат Әбенова, Айкөркем Тұранова, Ерсін Айтмұқаш, Ерғұлан Жанпейісовтер еңбек етеді.

Сол секілді театр оркестрінің құрамында 22 адам жұмыс атқарады.

Тәуелсіздікпен құрдас Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрына биыл 28 жыл.



«ТЕАТРДЫҢ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ»

ҚАЛЛЕКИ ТЕАТРЫ - ҚЫЗЫЛОРДАДА!

НҰР-СҰЛТАН қаласы әкімдігінің Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Қызылорда қаласында 15-20 сәуір аралығында өтетін гастрольдік қойылымдары өтеді.

Подробнее

ҚАЛЛЕКИ театры У.Шекспир "ОТЕЛЛО" трагедиясының ПРЕМЬЕРАСЫН ұсынады.

11 сәуір күні сағат:19.00 "Бейбітшілік және Келісім сарайы" сахнасында "ОТЕЛЛО" спектаклінің премьерасы өтеді.

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр