Болат Ұзақов

Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ұзақов Болат Қасымжанұлы Ұзақов Болат Қасымжанұлы 1962 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы, Масақ ауылында дүниеге келген. 1980-1984 жылдары Алматы Мемлекеттік театр-көркемсурет институтындағы «Театр» факультетін халық артисі А. Тоқпановтың және Халық артистері Ы. Ноғайбаев пен Ф. Шәріпованың шеберханасын «Кино және театр актері» мамандығы бойынша бітірген. 1994-1997 жылдары Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының «Драма режиссері» мамандығын халық артисі М. Байсеркенов пен Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері С. Асылхановтан бітіреді. 1997 жылы Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына режиссер қызметіне арнайы шақырумен келген. Актерлік жұмысы: 1984-1997 жылдары Талдықорған облыстық Б. Римова атындағы қазақ драма театры сахнасында 40-қа жуық кейіпкер сомдап, театрдың белді актері болды. Ойнаған образдары арқылы өзінің сахнада ойлай білетін, жан-жақты шебер актер екенін танытты. Сахнагер ретінде еңбегі бағаланып, көптеген фестивальдерден жүлделі орындар мен мақтау грамоталарына және бағалы сыйлықтарға ие болды. М. Әуезов «Еңлік Кебек» – Кебек; М. Әуезов «Хан Кене» – Наурызбай; М. Әуезов «Түнгі сарын» – Жүніс; У. Шекспир «Асауға тұсау» – Транио; М. Кәрім «Ай тұтылған түн» – Ақжігіт; А Макаенок « Пұшайман болған әулие» – Әулие; Д. Исабеков - «Әкпе» – Тимур; К. Әбдірахманов «Қара керей Қабанбай» – Әлі; А. Сүлейменов «Қыздай жесір» – Дәріс; С. Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Есімсейіт; І. Жансүгіров «Күйші» – Күйші; Б.Жакиев. «Әке тағдыры» – Жеңісбек. Режиссерлік жұмысы: 1990 жылдардан бастап актерлік өнерімен қатар режиссерлік жұмыспен де айналыса бастады. І. Жансүгіров «Күйші» ; М. Әуезов «Қанды азу»; М. Әуезов «Қара қыпшақ Қобланды»; М. Әуезов «Еңлік-Кебек»; Т. Ахтанов. «Күшік күйеу»; А. Сейдімбеков «Қош бол ардағым»; Т. Әбдіков «Біз үшеу едік»; Е. Аманшаев. «Үзілген бесік жыры»; Е. Аманшаев. «Қыр астындағы ғажайып әлем»; Б. Ұзақов «Үміт»; М. Ақынжанов. «Алтын сақа»; М. Ахманов. «Алдардың айласы»; Ф. Буляков «Күйеуге шыққан кемпірлер»; С. Тұрғынбеков « Мұқағали»; А. Дударев «Кеш»; Б. Ұзақов. «Жандауа»; Қ. Жүнісов. «Махаббат мелодрамасы»; Е. Жуасбек. «Антивирус»; Д. Рамазан. «Кенесары-Күнімжан»; У. Шекспир. «Гамлет»; Ш. Мұртаза «Бір кем дүние»; Қ. Жиенбай «Таңғажайып планета»; С. Балғабаев «Ең жақсы еркек»; М. Байжиев «Тіл табысқандар» ; Д. Рамазан «Керей-Жәнібек». Драматургиясы «Үміт» – драма; «Шырша тойы» – ертегі; «Қалқанның талқаны» – комедия; «Жандауа» – психологиялық драма; «Жаңа жылдың шытырман оқиғасы» – ертегі; А. Сейдімбеков «Күзеуде» – инсценировка; Б. Васильев «Завтра была война» – инценировка; Ш. Мұртаза «Текебұрқақ» – инценировка. Бүгінде Болат Ұзақов мерекелік шаралар мен ресми кештердің режиссері ретінде Астана қаласының мәдени өмірінің өркендеуіне үлкен үлесін қосып келеді. 1997 ж. Қазақстан Республикасының рәміздерінің Ақмола қаласына көшіп келу салтанаты, қоюшы режиссер. 1998 ж. 10 маусымнан бастап, Астана күніне арналған жыл сайынғы «Этно-ауыл» бағдарламасының сценаристі және бас режиссері. 1998 ж. Астана қаласындағы алғашқы ақындар айтысының режиссері. 1999 ж. Астана қаласының 1 жылдық мерей тойының қоюшы режиссері. 1999 жылдан бастап Астанадағы Наурыз мерекесінің режиссері. 2001 жылдан бастап «Наурызнама» қойылымының бас режиссері. 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған «Ғасырлар үні» қойылымының сценаристі және бас режиссері. 2003-2012 ж.ж. «Президент шыршасы» мерекесінің бас режиссері. Елордамызда өткен ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлері мерейтойларының сценарисі және режиссері. Соның ішінде: Алаш ардақтыларынан бастап С. Сейфуллиннің, С. Мұқанов, Ж. Жабаев, А.Машани, Н. Оңдасынов, Т. Айбергеновтың, И. Есенберлиннің, М. Мақатаевтың, Ш. Қалдыаяқовтың, Ш.Мұртазаның, Ф. Оңғарсынованың, Қ. Салғариннің, қырғыз ақыны А. Рысқұловтың, А. Сейдімбековтың, Т. Әбдіковтың, Х. Ерғалиевтің т.б. кештері. Республикалық О. Бөкей атындағы «Көркемсөз оқу» шеберлерінің алғашқы және одан кейінгі жылдардағы конкурстарының сценарисі және режиссері. Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Актерлік өнер» факультетінде «актер шеберлігі» және «сахна тілі» пәндерінен дәріс береді. Жетістіктері: 1994 жылы І. Жансүгіров «Күйші» спектаклі - «Матай» қоры ұйымдастырған республикалық фестивальдің бас жүлдесін иеленді; 1998 жылы М. Әуезов «Қанды азу» қойылымы Дүниежүзілік Театр фестиваліне жолдама ұтып алды. 1999 жылы Қайыр қ-сы, Дүниежүзілік экспериментальдық спектакльдер фестивалінде М. Әуезов «Қанды азу» қойылымымен қатысты. 2000 жылы Қазақстан Республикасының «Құрмет» Грамотасымен марапатталды. 2005 жылы Республикалық фестивальде «Үзілген бесік жыры» қойылымымен қатысып, «Үздік ер адам» номинациясын Қ. Қыстықбаев, «Үздік эпизодтағы әйел» номинациясына А. Аймағамбетова қол жеткізді. Режиссері – Болат Ұзақов. 2006 жылы Астана қаласы меценаттар клубы тағайындаған жүлде бойынша «Үздік режиссер» номинациясымен «Керемет» сыйлығын иеленді. 2007 жылы Астана қаласы бойынша ұйымдастырылған фестивальде Т. Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясымен «Жылдың ең үздік режиссері» номинациясын жеңіп алды. 2009 жылы «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 2010 жылы Тараз қаласында өткен Қазақстан театрларының XVIII республикалық фестивалінде А. Дударевтің «Кеш» драмасы Гран-приді жеңіп алды. Режиссері – Б.Ұзақов. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Ұлттық театрлардың республикалық фестивалінде «Кенесары-Күнімжан» қойылымымен қатысып, Сырым Қашқабаев «Үздік ер адам» рөлі. Номинациясына ие болды. Режиссері – Б.Ұзақов. 2011 жылы «Антивирус» қойылымы Қазақстан театрларының XIX республикалық фестиваліне қатысып, Т. Атымтаева «Үздік әйел» номинациясын алды. Режиссері – Б.Ұзақов. 2011жылы «Тәуелсіздікке 20 жыл» медалінің иегері болды. 2012 жылы Орталық Азия мемлекеттерінің IV Халықаралық Театрлар фестивалінде «Гамлет» қойылымы қатысып, Н. Өтеуілов «Үздік ер адам» номинациясына ие болды. Режиссері – Б.Ұзақов. 2013 жылы Ақтөбе қаласында Қазақстанның Халық жазушысы, драматург Т.Ахтановтың 90-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXI Республикалық фестиваліне Ш. Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасымен қатысып, театр ұжымы «Ең үздік актерлік ансамбль» номинациясын иеленді. Режиссері – Б.Ұзақов.

Спектакли в театре:

ПРЕМЬЕРА!

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-6 күндері сағат:19.00де "КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Подробнее

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр