Талғат Теменов

Театрдың көркемдік жетекшісі, театр және кино режиссері, Қазақстанның Халық артисі, профессор

ТЕМЕНОВ ТАЛҒАТ ДОСЫМҒАЛИҰЛЫ Театр және кино режиссері, Қазақстанның Халық артисі, профессор Талғат Досымғалиұлы Теменов 1954 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Малыбай ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының театр факультетінің актерлік бөлімін бітірген. Шығармашылық жолын Талдықорған облыстық театрының актері болып бастап, қазақ және шетел драматургтерінің шығармалары бойынша қойылған түрлі пландағы 20-дан астам рөлдерді сомдаған. Талғат Теменов кино саласында қоюшы режиссер ретінде аз уақыттың ішінде көрермендердің құрметіне бөленіп, есімі жұртшылыққа кеңінен мәлім болды. «Торо» (1986ж.), «Адамдар арасындағы бөлтірік» (1988ж.), «Қызғыш құс» (1991ж.), «Махаббат станциясы» (1993ж.), «Қазадан кейінгі жаза» (1997ж.), «Қайдасың, Чапай?» (1998ж.), «Көшпенділер» (2006ж.), «Менің күнәлі періштем» (2011ж.), «Судағы із» (2015ж.), «Кішкентай ханзада - Бибол» (2017ж.) фильмдері қазақ киносының қорынан елеулі орын алған. Талғат Теменов «Таң нұры» (1981 ж.), «Гүлназ» (1987 ж.) «Ой-жасын» (2004ж), «Айғағым болшы, ақ сәуле» (2014ж.) атты кітаптардың авторы. 1990 – 1994 жылдары Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтына басшылық етті. Осы кезеңде ол институтта кино актерлері мен режиссерлерін дайындайтын шеберхана ашты. 2004-2014 ж.ж. Талғат Теменов - Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі – директоры қызметін атқарды. Аталмыш театр сахнасында «Көгілдір такси», «Шығыс сазы» (С.Сматаевпен бірге), «Мулен Ружға шақыру», «Алма бағы» атты пьесалар жазып, режиссер ретінде сахнаға шығарды. Соңғы пьеса түркітілдес елдердің IV Халықаралық театр фестивалінде «Қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен аға ұрпақтың мұратын қадірлегені үшін» атты арнаулы марапатқа ие болды. 1986 жылы Т.Теменов Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. 1993 жылы Ұлттық өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Қазақстанның Халық артисі» атағын алды. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен «Құрмет» Орденімен марапатталды. 2006 жылы «Алтын адам» атанды. 2011 жылы «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталды. 2013 жылы Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықты иеленді. 2013 жылы «Парасат» орденімен марапатталды. 2014 жылдан Астана қаласы әкімдігінің Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі. Аталмыш театр репертуарында Талғат Теменовтің режиссурасымен сахналанған спектакльдер: 2015 жылы – В.Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасы; 2016 жылы – Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы» лирикалық драмасы; 2017 жылы – Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы; 2018 жылы – У.Шекспирдің «Отелло» трагедиясы. 2015 жылы Өскемен қаласында өткен XXIII Республикалық театрлар фестиваліне В. Ежовтың «Бұлбұлдар түні» пьесасының негізінде сахналанған «Тыраулап ұшқан тырналар» атты лирикалық драмамен қатысып, «Үздік режиссерлік шешім» номинациясына ие болды. Т.Теменовтің «Тыраулап ұшқан тырналар» қойылымы 2015 жылы 29 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Мәскеу қаласында өткен XIII Халықаралық «Золотой Витязь» театр форумының «Гран-при» иегері атанды. 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталды. 2017 жылы Қазақстан Театрлар Ассоциациясның «Сахнагер – 2017» Тұңғыш Ұлттық театр сыйлығының «Сахналық ғұмыр» атты арнайы аталымы бойынша марапатталды. 2017 жылы Қазақстан ұлттық театрларының IV республикалық фестиваліне шетелден келген келген қонақтарға арнайы Т.Теменовтің «Аққудың көз жасы...» спектаклі көрсетіліп, сыншылар алқасының жоғарғы бағасына ие болды. 2017 жылы Талғат Теменов «Мәдениет қайраткері» аталымы бойынша «Алтын адам» құрметті атағына лайық деп танылды. Театр және кино саласындағы елеулі еңбектерімен қоса, Талғат Досымғалиұлы шәкірттер тәрбиелеуде де табысты еңбек етуде. Ол Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Театр, кино және ТД» факультетінің профессоры.

Спектакли в театре:

ҚАЛЛЕКИ ТЕАТРЫ - ҚЫЗЫЛОРДАДА!

НҰР-СҰЛТАН қаласы әкімдігінің Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Қызылорда қаласында 15-20 сәуір аралығында өтетін гастрольдік қойылымдары өтеді.

Подробнее

ҚАЛЛЕКИ театры У.Шекспир "ОТЕЛЛО" трагедиясының ПРЕМЬЕРАСЫН ұсынады.

11 сәуір күні сағат:19.00 "Бейбітшілік және Келісім сарайы" сахнасында "ОТЕЛЛО" спектаклінің премьерасы өтеді.

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр