Нұрлан Жұманиязов

Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

НҰРЛАН ҒИЫЛМАНҰЛЫ ЖҰМАНИЯЗОВ Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 1958 жылы 25 тамызда Батыс Қазақстан облысы,(Орал облысы) Орда ауданы, Жәнібек ауылында дүниеге келген. 1978-1982 жылдары Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институтының актерлік бөлімін КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік Сыйлықтың иегері, профессор Хадиша Бөкееваның шеберханасынан бітірген. 1982 жылы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының актері болып қызмет атқарды. 1986 жылы ІІІ курста оқып жүріп, Ж.Шанин атындағы Шымкент облыстық драма театрында Д.Исабековтың «Тыныштық күзетшісі» спектаклін қойды. 1988 жылы Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институтының қоюшы режиссер бөлімін профессор Әзірбайжан Мамбетовтың шеберханасынан тәмамдады. 1987-2000 жылдары ҚР Мемлекеттік телерадио тарату кешенінің режиссері және бас режиссері қызметін атқарды. 2000 жылы режиссер, Халық Қаһарманы Ә.Мәмбетовтың шақыруымен Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына қоюшы режиссер қызметіне келді. Сахнаға шығарған қойылымдары: • Ә.Сарай «Балуан Шолақ»; • М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай»; • А.Аксенов «Алқызыл гүл»; • С.Жүнісов «Орман оқиғасы»; • Ж.Мольер «Скапеннің айласы»; • Д.Исабеков «Алтын тордағы тоты»; • Ш.Айтматов «Ақ кеме»; • У.Шекспир «Ромео мен Джулетта»; • И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» \музыкалық комедия\ • Е.Жуасбек «Үйлену» \музыкалық комедия\ • Е.Жуасбек «Сен үшін» \комедия\ • Е.Жуасбек «Терең тамырлар»; • Ф.Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы»; • Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» \трагедия\ • А.Вальехо «Күн сәулесі түспеген» \психологиялық драма\ • Р. Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» \психологиялық драма\ • Ж. Ерғалиев «Есігімді қаққан кім?»\психологиялық драма\ • Р. Отарбаев «ӘМІРЕ» \драма\ - «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанды. 2012 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. 2002 жылы Петропавл қаласында өткен Х Республикалық театрлар фестивалінде Н.Жұманиязов сахналған Ж.Мольердің «Скапеннің айласы» спектаклі «Үздік ер адам бейнесі» номинациясына ие болды. «Скапеннің айласы» спектаклі Халықаралық «Шабыт» фестивалінде 1 орын алды. 2002 жылы Шымкент қаласында өткен Халықаралық театрлар фестивалінде Н.Жұманиязов сахналған Д.Исабековтің «Алтын тордағы тоты» спектаклі «Гран-при» жүлдесін жеңіп алды. Аталмыш фествиальде режиссер Нұрлан Жұманиязов «Үздік режиссер» атанды. 2003 жылы Көкшетау қаласындағы Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрының шақыруымен Н.В.Гогольдің «Үйлену» спектаклін сахналады. 2004 жылы Ж.Шанин атындағы Шымкент облыстық драма театрының 70 жылдық құрметіне арнап Ғ. Мүсірепов, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» спектаклін қойды. - 2012 жылдың 16-24 қыркүйек аралығында Орал қаласында өткен Ә.Мамбетовтің 80-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XX Республикалық фестивалінде режиссер сахналған Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясы «Қадыр Мырзалиев атындағы» арнайы сыйлыққа және Науан бейнесін сомдаған актер, Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов «Ең үздік ер бейнесі» номинациясына ие болды. - 2015 жылы Атырау қаласында өткен драматург Рахымжан Отарбаевтың Халықаралық театр фестивалінде «Көлеңкесіз жолаушы» спектаклі үшін режиссер Н.Жұманиязов «Үздік режиссер» атанды. Қойылымда Камила кейіпкері үшін актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айнұр Бермұхамбетова «Үздік актриса» номинациясына ие болды; - 2016 жылы Челябі қаласында өткен (Ресей) «CHELoBEK ТЕАТРА» IV Халықаралық кіші форм театр фестивалінде Н.Жұманиязов сахналаған А.Валехоның «Күн сәулесі түспеген» психологиялық драмасы театр сыншыларының жағары бағасын алды. - 2017 жылы Жанат Хаджиев атындағы І аймақтық театрлар фестивалінде Нұрлан Жұманиязов «Күн сәулесі түспеген» психолологиялық драмасы үшін «Ең үздік режиссерлік жұмыс» номинациясына ие болды.

Спектакли в театре:

ПРЕМЬЕРА!

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-6 күндері сағат:19.00де "КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Подробнее

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр