Берік Бурбаев

Театрдың бас суретшісі

Бурбаев Берік Төлеубайұлы 1977 жылдың 1 ақпанында Семей облысында дүниеге келді. Алматы облысында,Талғар ауданындағы мектепті бітірді. 1993-1997 жылдары О.Тансықбаев атындағы Алматы көркемсурет колледжінде театр – декорациялық бөлімінен (суретші-декоратор)тәлім алды. 1997-2001 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік өнер Академиясында «Театр, кино және ТД қоюшы-суретшісі» мамандығы бойынша білім алды. 2000 жылы Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалы-драмалық театрының басшылығының шақыруымен дипломдық практиканы өтіп, осы театрда жұмысын жалғастыруға қалды. 2016 ж. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін алды. Жұмыс лауазымы: 2000-2008 жылдары суретші-декоратор 2008-2012 жылдары қоюшы-суретші 2012-2017 жылдары басты суретші. Қойылымдар тізімі: 1.Б.Ұзақов «Үміт» 2000 ж. 2.Т.Ворфоломеев «Қонжық Кнок және оның достары» 2001 ж. 3.Қ.Байсейітов, Қ.Шаңғытбаев «Беу,қыздар-ай!» 2003 ж. 4.Ш.Айтматов «Ақ кеме» 2004 ж. 5.Ш.Айтматов «Ана - Жер ана» 2006 ж. 6.С.Балгабаев «Алдардың айласы» 2007 ж. 7.М.Фриш « Дон Жуанның думаны» 2008 ж. 8.Е.Жуасбек «Үйлену» 2008 ж. 9.Е.Жуасбек «Сен үшін» 2009 ж. 10.Қ.Жүнісов « Махаббат мелодрамасы» 2010 ж. 11.Е.Жуасбек «Антивирус» 2011 ж. 12.Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» 2012 ж. 13.Ғ.Мүсірепов « Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 2013ж 14.Б.Ұзақов «Үміт» 2013 ж. 15.Қ.Байсейітов, Қ.Шаңғытбаев « Беу,қыздар-ай!»2013ж. 16.Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» 2014ж. 17.Қ.Жүнісов « Сәкен сұңқар» 2014ж. 18.Д.Рамазан «Абылай ханның арманы»2013ж. 19.М.Байджиев «Дуэль» 2015ж. 20.М.Байджиев «Тіл табысқандар» 2015ж. 21.Р.Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» 2014 ж. 22.Ж.Ергалиев «Есігімді қаққан кім?» 2015 ж. 23.А.Чехов «Шие» 2016ж. 24.Р.Мұқанова «Сарра» 2016ж. 25.Р.Отарбаев «Әміре» 2017ж. 26.С. Балғабаев «Ең жақсы еркек» 2015 ж. 27.Ертегі «Жымбала Мико және қасқыр» 2004 ж. Басқа театрлардағы қойылымдар: 2007 ж. « Колобок» ертегісі, жасөспірімдер театры,Астана қаласы 2015 ж. « Братец лис» ертегісі, «Жастар» театры 2015ж. «Подвальное окно» психологиялық драмасы, Ақмола облыстық орыс драма театры 2016 ж. «Женитьба» комедиясы, Ақмола облыстық орыс драма театры

Спектакли в театре:

ПРЕМЬЕРА!

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-6 күндері сағат:19.00де "КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Подробнее

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр