СЕКСЕНБАЕВ АЙБОЛАТ ЖАНҒАЛИҰЛЫ

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры.

Сексенбаев Айболат Жанғалиұлы -15 наурыз, 1978 жылы дүниеге келген. 1985-1993 ж.ж. Аққұс ауылының орта мектебінде білім алды. 1993-1995 ж.ж. Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №11 қазақ мектеп – лицей интернатын тәмәмдады. 1995-1999 ж.ж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Менеджер және театр ұжымын басқарушы» мамандығы бойынша бітірді. 2005-2007 ж.ж. аралығында Қарағанды Экономикалық Университетінде «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады. 1999-2000 ж.ж. Орал қаласындағы «ТДК-42» телеарнасында редактор қызметінде істеді. 2000 жылы Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрына администратор ретінде жұмысқа орналасты. 2005 жылдан бас администратор қызметін атқарды. 2006 жылдан директордың көрермен жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. 2012 жылдан театр директорының бірінші орынбасары қызметінде. 2013 жылдың сәуір айынан қарашаға дейін Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директор міндетін атқарушы болды. 2013-2016 ж.ж. Астана қаласы әкімдігінің «Жастар Театры» МКҚК-ның директоры қызметін атқарды. 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры қызметінде. Еңбек өтілі-15 жылдан астам. Қазақстан Театрлар Ассоциациясының мүшесі. Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының мүшесі.

Спектакли в театре:

ПРЕМЬЕРА!

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-6 күндері сағат:19.00де "КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Подробнее

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр