ҚАЛЫМОВ ҚҰРМАН ӨМІРБЕКҰЛЫ

Директордың орынбасары

Қалымов Құрман Өмірбекұлы - 1981 жылы 5 қазанында Көкшетау қаласы, Зеренді ауданы, Биіктесін ауылында дүниеге келген. - 1987-1997 ж.ж. Көкшетау қаласындағы облыстық мектеп-интернатын бітірді. - 2003-2007 ж.ж. Қазақ Ұлттық музыка академиясында Қазақстанның Халық артисі Гүлжан Әспетованың шеберханасынан «театр және кино актері» мамандығын тәмәмдап шықты. - 2007-2008 ж.ж. – Ақмола облыстық Ш. Хұсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында актер болып жұмыс атқарды. - 2008 жылдан бастап қызметтік жолын Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Труппа жетекшісі және Актер ретінде жалғастырды. - 2011 жылдан бері директордың орынбасары қызметін атқарып келеді. - 2012 жылы театр шаңырағында өткен «Өз актеріңді - таны» акциясының басты ұйымдастырушысының бірі. - 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін – Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Республика көлемінде өтетін жыл сайынғы дәстүрлі гастрольдік сапарларын – Атырау, Алматы, Қостанай, Шымкент, Талдықорған, Атырау қалалары бойынша басты ұйымдастырушысы. - 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018 жылдары жаңа XX, XXI, XXII, XXIII, XXIV, XXV, XXVI, XXVII, XXVIII - мауысымашар жұмыстарының ұйымдастырушысы; - 2012 жылы, XXII мауысымашар алдында өткен, режиссер, халық қаһарманы - Ә.Мамбетовтің 80-жылдығына арналған «Режиссер тағылымы» атты дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы; - 2013 жылдың 22-25 қаңтар аралығында өткен «Режиссер әлемі» атты Болат Ұзақовтың шығармашылығына арналған апталықтың ұйымдастырушысы; - 2013 жылдың 2 маусымда өтетін «Актер әлемі» атты Кеңес Нұрлановтың шығармашылығына арналған кештің ұйымдастырушысы. - 2013 жылдың 2 қазанында өткен Қ.Қуанышбаевтың 120-жылдығына арналған мерейтойлық «Абыз актер – Қаллеки» атты дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы. - 2013 жылдың 11 қазанында өткен Ә.Оразбековтің 60-жас мерейтойына арналған шығармашылық кешті ұйымдастырушы. - 2013 жылдан Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін «Сахнадан Сәлем» Халықаралық театр фестивалінің құрамында жұмыс жасайды; - 2014 жылы ҚР еңбек сіңірген артисі Омарханова Рымкештің 75-жас мерейтойына арналған «Ақ самайлы актриса» атты шығармашылық кешті ұйымдастырушы. - 2016 жылы театрдың 25 жылдығына арналған мерейтойдың ұйымдастырушысы. - 2017 жыл «ЭКСПО -2017» Халықаралық мәдени көрме аясында Қаллеки театрында өткен іс-шаралардың жауапты қызметкері.

Спектакли в театре:

ПРЕМЬЕРА!

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-6 күндері сағат:19.00де "КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Подробнее

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр