НАМАЗБЕКОВА АСЕМ ЧАПАЙҚЫЗЫ

«Жарнама және Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс» бөлімінің меңгерушісі.

Намазбекова Әсем Чапайқызы - 1984 жылдың 27 шілдесінде Алматы облысы, Нарыңқол ауданы, Қайнар селосында дүниеге келген. 1991-1995 ж.ж. Қайнар селосының орта мектебінде; 1995 – 2002 ж Алматы қаласында И.Нүсіпбаев атындағы №4 мектеп интернатында 11 кластық білімді аяқтады. Білімі: жоғары. 2002 – 2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультеті, «Кинотану» мамандығы бойынша жоғары толық курсын тәмамдады. 2010 – 2012 Қазақ Ұлттық Өнер университетінің «Театр, кино және ТВ» факультетінің «Өнертану» кафедрасының магистранты. «Өнертану ғылымдарының магистрі» Еңбек өтілі: 2007 – 2008 жылдың тамызына дейін Халықаралық «Қазақстан - Zaman» газеті мен Республикалық «Мөлдір бұлақ» балаларға арналған танымдық журналында тілшілік қызметін атқарды. 2008 – 2010 жылдары Астана қалалық, Білім басқармасына қарасты №2 Өнер мектебінің «Театр өнері» бөлімінде ұстаздық қызмет атқарды. -2010 жылдың қаңтар айынан – Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Жарнама және Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс» бөлімінің негізін қалаушы, меңгерушісі. -2010 жылдың 1 қыркүйегінен – Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Өнертану және операторлық өнер» департаментінің оқытушысы. - 2011-2016 ж.ж. «Театр, кино және ТВ» факультетінің «Өнертану» кафедрасының оқытушысы. - 2016 жылдың 1 қыркүйегінен «Қазақ Ұлттық Хореография» академиясының «Арт-менеджмент» кафедрасының Аға оқытушысы. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ: 2007 жылдан - Халықаралық «Қазақстан - Zaman», «Ана тілі», «Нұр Астана», «Ел» газеттері мен «Мөлдір бұлақ», «Керуен» басылымдарында әр түрлі тақырыптарда мақалалары жарияланған. «Асанәлі Әшімовтің кинодағы актерлік шеберлігі» - атты дипломдық жұмыстың авторы. «Қазақ киносында актерлер сомдаған бейнелер (1960-1970 жж.)» - атты магистрлік ғылыми жұмыстың авторы. 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін – Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында: - 2010 – 2013 жылдары аралығында өткен 32 спектакльдің Премьера алды жарнамалары мен режиссер, актерлардың шығармашылығын БАҚ – арқылы насихаттады; - 2012 – 2013 жылдары Премьера алды жарнамалары мен режиссер, актерлардың шығармашылығын БАҚ – арқылы насихаттады (75 мақала); - 2014-2015 ж.ж. басылымда – 70 мақала, 66 – телеарна жаңалықтары мен бағдарламаларға Премьера алды жарнамалары мен режиссер, актерлардың шығармашылығы насихатталды; - 2015 -2016 ж.ж. 82- мақала, 56 – телеарна, радиолар арқылы Премьера алды жарнамалары мен режиссер, актерлардың шығармашылығы насихатталды; - 2017 жылы 28- мақала, 32- телеарна, радиолар арқылы Премьера алды жарнамалары мен режиссер, актерлардың шығармашылығы насихатталды; - 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017 жылдары жаңа XX, XXI, XXII, XXIII, XXIV, XXV, XXVI - мауысымашар баспасөз конференциясының ұйымдастырушысы; - 2012 жылы, XXII мауысымашар алдында өткен, режиссер, халық қаһарманы - Ә.Мамбетовтің 80-жылдығына арналған «Режиссер тағылымы» атты дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы; - 2013 жылдың 22-25 қаңтар аралығында өткен «Режиссер әлемі» атты Болат Ұзақовтың шығармашылығына арналған апталықтың ұйымдастырушысы; - 2013 жылдың 2 маусымда өтетін «Актер әлемі» атты Кеңес Нұрлановтың шығармашылығына арналған кештің ұйымдастырушысы. - 2013 жылдың 2 қазанында өткен Қ.Қуанышбаевтың 120-жылдығына арналған мерейтойлық «Абыз актер – Қаллеки» атты дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы, редакторы. - 2013 жылдың 11 қазанында өткен Ә.Оразбековтің 60-жас мерейтойына арналған шығармашылық кешті ұйымдастырушы. - 2014 жылы ҚР еңбек сіңірген артисі Омарханова Рымкештің 75-жас мерейтойына арналған «Ақ самайлы актриса» атты шығармашылық кешті ұйымдастырушы. - 2015 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті театр сыншысы Әшірбек Сығаймен бірге «Қаллеки театры» атты кітапты жарыққа шығарды. Шығарушы редакторы. - 2016 жылы театрдың 25 жылдығына арналған ғылыми конференцияның ұйымдастырушы редакторы. - www.kazteatr.kz сайтының редакторы. - Қаллеки театрының әлеуметтік парақшаларының авторы әрі жүргізушісі. МАРАПАТТАРЫ: - 2013 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай, Астана қаласы Мәдениет басқармасының бастығы Б.Б. Мажағұловтан арнайы Алғыс хат берілді. - 2017 жылы 27-наурыз Халықаралық Театр күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы атынан Алғыс хат. ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР: - 2012 жыл 11 мамыр. Жас ғалымдар кеңесі. «Жас ғалымдардың Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуындағы рөлі» атты форумнан сертификат; Астана қаласы. - 2017 жыл «Технологии взаимодействия госорганов и СМИ: инструменты работы и влияния» сертификат. - 2017 жыл, 13-19 сәуір. «Креативный менеджмент: Творческие решения в управлении, бизнесе и искусстве» Халықаралық семинар- сертификат. Астана қаласы. - 2017 год, 12-19 апреля РФ г.Барнаул, ФГБОУ ВО «Алтайский государственный университет» сертификат о повышении квалификации. Халықаралық, Республикалық, қалалық мәдени іс-шараларда атқарған жұмыстары: - 2013 жылдан Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін «Сахнадан Сәлем» Халықаралық театр фестивалінің құрамында жұмыс жасайды; - 2017 жылы 17-26 маусым аралығында өткен А. Әшімовтің 80-жылдығына арналған І Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалінің пиар-менеджері; - 2017 жылдың 8-12 шілде аралығында өткен Қазақстан ұлттық(этникалық) театрларының IV Республикалық фестивалінің пиар-менеджері; - 2017 жылдың 2-8 қыркүйек аралығында өткен Жас режиссерлердің Қайрат Сүгірбеков атындағы I Республикалық форум-фестивалінің ұйымдастырушысы; - 2017 жылдың 9-13 қыркүйек аралығында өткен көрнекті театр сыншысы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ә. Сығайдың 70 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXV республикалық фестивалінің пиар-менеджері;

Спектакли в театре:

ПРЕМЬЕРА!

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-6 күндері сағат:19.00де "КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Подробнее

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр