ЫБЫРАЕВ БОЛАТ ҚАЛЫБЕКҰЛЫ

Актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Ыбыраев Болат Қалыбекұлы - 1954 жыл 23 маусымда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Н. Әбдіров ауылында дүниеге келген. 1960-1970 жылдары он жылдық мектепті бітірді. 1972-1974 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1975-1979 жылдары Алматы Театр және көркемсурет институтының театр және кино актері бөлімін тәмамдады. 1979-1990 жылдары Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды драма театрында актер болып қызмет істеді. Елордамыздағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының негізін қалаушыларының бірі. 1990 жылдан аталмыш өнер шаңырағында қызмет атқарып келеді. Сомдаған рөлдері: М. Әуезов «Қара Қыпшақ Қобыланды» - Көбікті, «Қарагөз» - Жабай, «Абай» - Оразбай, «Еңлік-Кебек» - Кеңгірбай би, «Қараш-қараш» - , Ғ.Мүсірепов «Ақан Сері- Ақтоқты» - Жалмұқан, Балта, «Қыз Жібек» - Базарбай, Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн»-Едіге, Д.Исабеков «Әпке» - Тимур, Ә.Тарази «Жақсы кісі» - Марат, М.Кәрім «Ай тұтылған түн» - Диуана, С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» - Бүркіт, О.Бөкеев «Құлыным менің» - Жан, Н.Гоголь «Үйлену» -Жевакин, Т.Ахтанов «Жоғалған дос» - Естемесов, «Күшік күйеу» - Кубик, «Ант» - Хан, А.Дударев «Кеш» - Мультик, Т.Джюдженоглу «Көшкін» - Ақсақал, У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Пастор, «Гамлет» - Полоний, М. Фриш «Дон Жуанның думаны» - Тенорио, А. Чехов «Ваня ағай» - Войницкий, Б.Ұзақов «Жандауа» - Шал, «Үміт» - юрист. В.Дельмар «Баянсыз бақ» - мистер Купер, Д.Рамазан «Кенесары – Күнімжан» - Тұрсынбай, «Абылай ханның арманы» - би, Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна Д’арк» - Кошон, Қ.Жүнісов «Сәкен-Сұңқар» - А.Байтұрсынов, В.Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» - Лукьянов. - 2015 жылы «Қаллеки» театрының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актер – Ыбыраев Болат Қалыбекұлының 60 жасқа, шығармашылығына 40 жыл толуына орай шығармашылық кеші өтті. Марапаттары: 2002 жылы 12 желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2013 жылы – «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленді.

Спектакли в театре:

ПРЕМЬЕРА!

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-6 күндері сағат:19.00де "КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Подробнее

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр