АТЫМТАЕВА ТҮЙМЕХАН БАЙЫРБЕКҚЫЗЫ

АКТРИСА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

1955 жылы 6 қараша Шымкент облысы, Сайрам ауданы, «Көмаш бұлақ» ауылында дүниеге келген. 1972 жылы он жылдық мектепті бітіргеннен кейін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр факультетінің актерлік бөліміне оқуға түсті. 1978 жылдан бастап, Шымкент облыстық Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрында актриса болып еңбек етті. 1990 жылдан бастап, Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында қызмет етіп келеді. Яғни, осы аталмыш, өнер шаңырағының негізін қалаушыларының бірі. 1996 жылы Башкирияда өткен ІІ-ші Халықаралық театрлар фестивалінде ең үздік мақтау қағазымен марапатталды. Сахнада сомдаған бейнелері: Ғ. Мүсірепов «Ақан Сері – Ақтоты» - Ақтоқты, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Қозының анасы, «Қыз Жібек» - Қамқа, М. Әуезов «Еңлік – Кебек» - Еңлік, (инцинировка Б. Римова) «Абай – Әйгерім» - Әйгерім, «Көксерек» - Әже, С. Балғабаев «Ең әдемі келіншек» - Зухра, С. Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдық» - Сабира апай, Д. Исабековтың «Әпке қамажай» - көрші әйел, келін, М. Шаханов «Танагөз» - Жүлилә апа, Ш.Айтматов «Ана-Жер ана» -Жер-Ана, Ж. Файзи «Башмағым» - Фахрия, С. Мұқанов «Шоқан» - Катарина, А. Цагарели «Гамарджоба» - Ануш, А. Чехов «Ваня ағай» - Мария Васильевна,Ф. Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» - Ақық (бәйбіше), Е.Жуасбек «Антивирус» - Жамал; С.Балғабаев «Махаббат сиқыры» - Меңгеруші, Т.Теменов «Аққудың көз жасы» - Жәмиләнің енесі. Марапаттары: 2001 жылы ҚР Президентінің алғыс хатымен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2012 жылы Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығы қарсаңында актрисаға «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. 2014 жылы Қызылорда қаласында өткен КСРО және Қазақстанның халық артисі С. Майқанованың 100 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан театрларының XXII республикалық фестиваліне Ш. Айтматовтың «Ана-Жер ана» спектаклімен қатысып, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Т. Атымтаева «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясын жеңіп алды. 2017 жылы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің алғыс хатын иеленді.

Спектакли в театре:

ПРЕМЬЕРА!

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-6 күндері сағат:19.00де "КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Подробнее

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр