МЕЙРАМОВ ТІЛЕКТЕС УАХИТҰЛЫ

Актер, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ АРТИСІ

Мейрамов Тілектес Уахитұлы 1971 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы театр және кино институтының «Театр және кино актері» мамандығы бойынша тәмамдады. 2011 жылы Қырғыз Мемлекеттік Б.Бейшеналиев атындағы Өнер Институтының «Режиссура» мамандығын сырттай оқыды. 1971 – 1989 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының артисі, Профком төрағасы, бірінші партияның хатшысы қызметтерін атқарды. 1989 – 1990 ж.ж. ҚР Мәдениет министрлігінің Театр бөлімінің жетекшісі қызметін атқарды. 2001 – 2007 ж.ж. Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық Жастар мен жасөспірімдер театрының директоры-көркемдік жетекшісі. Осы ұжымға жетекшілік еткен жылдары театр ұжымы екі дүркін «Гран При» иегері, Қазан қаласында өткен Халықаралық «Түрксой» фестивалінде жоғары бағаға ие болды. 2007-2011 ж.ж. Астана қаласы Жастар театрының көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. Еңбектері: Р.Отарбаевпен бірге «Ақырзаман», «Дүниеғайып» пьесаларын жазды, А.Гельман «Наедине со всеми», Н.Абдуллоева «Двое», И.Вовнянко «Смерть стриптизера» Инсценировкалары: І.Есенберлин «Ғашықтар», Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн»; «Абай жолы» Сомдаған рөлдері: И.Ғайып «Шыңғысхан» - Шыңғысхан, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» - Қарабай Е. Жуасбек «Антивирус» - Асан; Т.Джюдженоглу «Көшкін» - ақсақал; Ғ.Мүсірепов «Ақан сері - Ақтоқты» - Науан, Р.Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» - Әкесі, Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна д Арк» - Кошон, В.Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» - Лукьянов, М.Әуезов «Абай» - Абай, Т.Джюдженоглу «Көшкін» - . Жетістіктері: - 1993 жылы И.Ғайып «Шыңғысхан» спектакліндегі Шыңғысхан бейнесі үшін «Үздік ер адам ролі» номинациясын жеңіп алды; - 1996 жылы «Халық әртісі» атағын иеленді. - 2004 жылы Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектакліндегі Қарабай бейнесімен «Үздік ер адам бейнесі» номинациясы берілді; - 2012 жылы Орал қаласында өткен Ә.Мамбетовтің 80-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XX-Республикалық фестиваліне Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясымен қатысып, «Қадыр Мырзалиев атындағы» арнайы сыйлықты және Науан бейнесін сомдаған актер, ҚР халық артисі Тілектес Мейрамов «Ең үздік ер бейнесі» номинацияларын иеленді. - 2015 жылы «Еңбек ардагері» атағын иеленді. - 2015 жылы 29 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Мәскеуде қаласында XIII Халықаралық «Золотой Витязь» театр форумында «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасындағы – Полковник Лукьянов рөлі үшін «Золотой Витязьдің» алтын дипломанты атанды. - 2018 жылы Қазақстанның Халық артисі, профессор - Тілектес Мейрамовтың 70 жас мерейтойы аясында «Актер Тілектес Мейрамов» кітабының тұсаукесері өтіп, өнерсүйер қауым назарына «Қардағы көгершіннің ізі...» драмасының премьерасы ұсынылды. Қазіргі уақытта Астана қаласы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Актерлік өнер және режиссура» кафедрасының профессоры.

Спектакли в театре:

ПРЕМЬЕРА!

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-6 күндері сағат:19.00де "КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Подробнее

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр