МЕЙРАМОВА ЖҰМАГҮЛ ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ

Актриса, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі

1949 жылы 12 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қарақыстақ ауылында туған. 1967-1971 жылдары Құрманғазы атындағы өнер институтында А7 Тоқпанов пен КСРО халық әртісі Ш.Жандарбекованың шеберханасынан театр және кино актері мамандығы бойынша оқыды. 1972-2007 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қызмет атқарды. 1996 жылы «ҚР еңбек сіңірген артисі» атағына ие болды. 1996 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының сахна тілі кафедрасында қызмет атқарған. Өнертану доценті. 2007 жылдан бастап Астана қаласы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында жұмыс атқарады, профессор. 2015 жылы «Еңбек ардагері» атағын иеленді. Сомдаған рөлдері: Ә.Тарази «Жолы болғыш жігіт» - Тана, Ғ.Мүсірепов «Ақан Сері – Ақтоқты» - Ақтоқты, Ә.Нүрпейісов «Қан мен тер» - Ақбала, Ақбаланың шешесі, М.Әуезов «Абай» - Әйгерім, «Айман – Шолпан» - Айман, Теңге, Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?» - Әйгерім, О.Бөкей «Құлыным менің» - Анар, Қарлығаш, С.Мұқанов «Шоқан Уалиханов» - Катерина, Л.Табукашвили «Арманымның ақ құсы» - Нинико, И.Вовнянко «Апат» - Ұлпан, П.Гауптман «Ымырттағы махаббат» - Паола, Б.Римова «Абай – Әйгерім» - Тоғжан, Т.Джюдженоглу «Көшкін» - Бәйбіше, Е.Жуасбек «Антивирус» - Жамал, Ш. Айтматов «Ғасыр» - Зарина, Ж. Ануй «Жалын жұтқан Жанна д Арк» - Королева, Р. Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» - Анасы, А. Чехов «Ваня ағай» - Мария Васильевна.

Спектакли в театре:

ПРЕМЬЕРА!

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-6 күндері сағат:19.00де "КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Подробнее

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр