ӘСПЕТОВА ГҮЛЖАН ЖАРЫЛҚАСЫНҚЫЗЫ

АКТРИСА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ АРТИСІ

Әспетова Гүлжан Жарылқасынқызы - 1946 жылы 28 мамырда Жамбыл облысының, Меркі ауылында дүниеге келген. 1963 жылы Мерке ауылының орта мектебін бітірген. 1963-1967 жылдары Алматыда Құрманғазы атындағы Өнер институтының театр факултетін А.Тоқпановтың сыныбында оқып бітірді. 1967 жылы дипломдық жұмысында М.Әуезовтің «Қаракөздегі» Қаракөз рөлін сәтті орындап, Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына қызметке шақырылды. 1999 жылға дейін сол шаңырақта үзіліссіз еңбек етіп келді. Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» - Жәмила, Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай!» - Күнсұлу, Қ.Мұқашев «Дала дастаны» - Мақпал, О.Бокеев «Құлыным менің» - Анар, т.б. рөлдерде шынайлығымен ерекшеленеді. Актрисаның ұлттық және әлемдік драматургия бойынша қойылған спектакльдерде сомдаған рөлдері: М.Әуезов «Қаракөз» - Қаракөз, «Қара Қыпшақ Қобыланды» - Құртқа, Н.Хикмет «Фархад Шырыны» - Мехменебану, Т.Ахтанов «Ант» - Бәтимә ханым, Л. Дюрко «Электра, сүйіктім менің» - Электра, У.Шекспир «Асауға тұсауы» - Катарина, «Юлий Цезарь» - Кальпурния, Софокл «Эдип патша» - Иокаста, М.Булгаков «Жендеттер» - Мадлена, Д.Исабеков «Кішкентай ауыл» - Ардақ, «Ескі үйдегі екі кездесу» - Зейнеп, Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» - Найман ана, А.Тасымбеков, Қ.Ысқақов, Б.Атабаев «Кебенек киген арулар» - Қазия, Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» - Ұзынғайша, Ш. Айтматов «Ана-Жер ана» -Толғанай, «Ғасырдан да ұзақ күн» - Найман ана, Ә.Сарай «Балуан Шолақ» - Балуаның анасы, Ф. Буляков «Күйеуге шыққан кемпірлер» - Фатима, В. Дельмар «Баянсыз бақ» - Люси Купер, Дж. Патрик «Қымбатты Памелла» - Памелла, Т. Джюдженоглу «Көшкін» - Бәйбіше, Ұ.Есдәулет «Зере» -Зере Ана және т.б. Фильмдегі рөлдері: «Қазақфильм» киностудиясының «Несібелі», «Тоғызыншы ұлдан қорық», «Жау», «Мосфильмнің» «Киттер кеткенде», «Ақ бақсы» көркем туындыларында, «Еңлік-Кебек» телефильмдерінде басты рөлдерге түсті. Марапаттары: 1981 жылдан Қазақстанның еңбегі сіңірген артисі. 1993 жылы «Қазақстанның халық әртісі» атағын алған. 2014 жылы С.Майқанованың 100-жылдығына арналған Республикалық театрлар фестивалінде «С.Майқанова» атындағы сыйлықты иеленді. 2015 жылы «Еңбек ардагері» атағын иеленді. 2015 жылы «Мемлекеттік степендия» иегері атанды. 2016 жылы Меркі қаласының «Құрметті азаматы» атанды. 2017 жылы «САХНАГЕР-2017» Тұңғыш ұлттық сыйлығында Актриса, Қазақстанның Халық артисі Гүлжаһан Әспетова - «Сахналық ғұмыр» аталымына ие болды; 2018 жылы «Астана – 20 жыл» мерекелік медалімен, «SAMGAU» VI Халықаралық Театр фестивалінде «Үздік актриса» номинация иегері атанды. Сахнадағы, киноэкрандағы табысты өнерімен қатар, Г.Әспетова шәкірттер тәрбиелеуде елеулі еңбек етті, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің театр және режиссура кафедрасының профессоры болды. Г. Әспетова - қазақ жастарын өнер жолына тәрбиелеуде және үйретуде.

Спектакли в театре:

ПРЕМЬЕРА!

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-6 күндері сағат:19.00де "КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Подробнее

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр