ИСАБЕКОВА БАҚЫТ АРҒЫНҒАЗЫҚЫЗЫ

актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Исабекова Бақыт Арғынғазықызы 1959 жылы 17 қаңтарда Семей облысы, Аякөз ауданында дүниеге келген. 1976 жылы Семей облысының Баршатас ауылының орта мектебін бітірді. 1978-1982 жылдары Алматы мемлекеттік көркем театр институтынның актер бөлімін тәмамдады. 1982-1984 жылдары Семей музыкалық драма театрында қызмет атқарды. 1990 жылы «Қаламқас» ансамблінің белді әншісі болып, Венгрия елінде өнер көрсетті. 1991 жылы Ғ.Мүсіреповтің «Ақан Сері – Ақтоқты» спектаклімен шымылдығы түрілген Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрын қалаушыларының бірі. Аталмыш қойылымда актриса басты рөлдердің бірі Ақтоқты бейнесін кейіптеді. 1995 жылы Қ.Мұхаммеджанов «Біз періштеміз бе?» спектакліндегі Асыл образы үшін «Ең үздік әйел рөлі» номинациясымен марапатталды. 2011 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалін иеленді. Сомдаған рөлдері: - М.Шаханов «Танакөз» - Танакөз; - Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» - Жеңгесі; - М. Әуезов «Қара Қыпшақ Қобыланды» - Құртқа; - «Қарагөз» - Ақбала, - Ә. Тауасаров «Махаббат аралы» - Айна; - С. Балғабаев «Ең әдемі келіншек» - Гүлбаршын; - Ж. Файзи «Башмағым» - Бану; - Ә. Сарай «Балуан Шолақ» - Ғалия; - С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Халима; - В. Дельмар «Баянсыз бақ» \драма\- Нэлли; Режиссері:Қазақстанның Халық қаһарманы - Ә.Мәмбетов. - 2003 жылы Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» \драма\ - Үкібала; Режиссері:Қазақстанның Халық қаһарманы - Ә.Мәмбетов - 2008 жыл Т.Ахтанов «Күшік күйеу» \комедия\ - Гүлжамал; Режиссері: Б.Ұзақов. - У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Леди Монтекки; Режиссері: Н.Жұманиязов. - 2009 жыл 2 маусым А. Цагарели «Гамарджоба» \музыкалық комедия\ - Текле; Режиссері:ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Е.Тәпенов - 2009 жыл А. Чехов «Ваня ағай» \драма\ - Мария Васильевна; Режиссері: Қазақстанның Халық қаһарманы - Ә.Мәмбетов - 2010 жыл Қ. Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» - Нұржамал; Режиссері: Б.Ұзақов - 2011 жыл 2-4 қараша Ж. М. Шевре «Ізгілік формуласы» \комедия\ - Тереза; Режиссері:ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Ә.Оразбеков - 2012 жыл Б. Минору «Әзәзіл» \драма\ - Екінші әйел; Режиссері: Б.Нұрғалиев - 2012 жыл маусым Ф. Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» \драма\ – Жантолы; Режиссері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Н.Жұманиязов. - 2013 жыл 13-14 қараша Ә. Тарази «Үкілі жұлдыз» \фарс-трагедия \ – Ай; Режиссері:ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Ә.Оразбеков. - 2013 жыл 16-17 сәуір А.Вальехо «Күн сәулесі түспеген» \психологиялық драма\ – Шешесі; Режиссері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Н.Жұманиязов. - 2017 жылы өнердегі еңбегі бағаланып «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.

Спектакли в театре:

ПРЕМЬЕРА!

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-6 күндері сағат:19.00де "КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Подробнее

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр