СҰЛТАН АСҚАТ ОЙРАТҰЛЫ

актер

СҰЛТАН АСҚАТ ОЙРАТҰЛЫ - 1970 жылы Алтай өлкесі, Таулы-Алтай автономиялық облысында Қосағаш ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Мұхор – Тархата орта мектебін бітірген. 1988-1990 жылдары Байқоңырдың Ленинск қаласында әскер қатарында болды. 1990-1994 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтында оқып, «театр және кино актері» мамандығы бойынша тәмамдады. 1994 жылдан осы күнге дейін Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрында қызмет атқаруда. Сомдаған рөлдері: О.Бөкей «Құлыным менің» - Дулат, Ш.Айтматов «Ана–Жер–Ана» - Қасым, Майсалбек, Жайнақ, «Ғасырдан да ұзақ күн» - Мұрат, «Ақ кеме» - Момын шал, С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» - Абдолла, С.Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдық» - Алтынбек, Ш.Бошпеков «Темір қатын» - Суан молда, Ш.Құсайынов «Алдар Көсе» - Алдар Көсе, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Жантық, «Ақан сері – Ақтоқты» - Қорамса, М.Әуезов «Қанды Азу» - Майлыаяқ, «Еңлік – Кебек» - Жомарт би, «Қарагөз» - Нарша, «Абай» - Сырттан, «Айман – Шолпан» - Көтібар тобындағы жігіттердің бірі, В.Дельмар «Баянсыз бақ» - бармен, У.Шексир «Ромео мен Джульетта» - Монтекки, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі», Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» - Иван, М.Хасенов «Пай-пай жас жұбайлар-ай» - Есет, Дж.Патрик «Қымбатты Памелла» - доктор, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» - Қабанбай, Б.Ұзақов «Жандауа» - Ұзын, Т.Джюдженоглу «Көшкін» - қауым мүшесі, И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» - Амадей, М.Фриш «Дон-Жуанның думаны» - Тенорио, Е.Жуасбек «Терең тамырлар» - «Бас ағаш», Б.Минору «Әзәзіл» - бейтаныс еркек, Ф.Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» - Әубәкір бай, М. Әуезов, Қ. Ысқақ «Қараш-қараш» - Бәйтен би, Ж. Ануй «Жалын жұтқан Жанна д Арк» - Латремуй, Халық ертегісі «Ер Төстік»- Ерназар, Д. Рамазан «Абылай ханның арманы» - Мүнәсіп Мәмметов, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» - Аманжолов.

Спектакли в театре:

ПРЕМЬЕРА!

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-6 күндері сағат:19.00де "КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Подробнее

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр