МОЛДАХМЕТ АМАНЖОЛ БӨКЕШҰЛЫ

актер

Молдахмет Аманжол Бөкешұлы 1965 жылы 25 шілде айында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы , Жаңа-талап, қазіргі Т.Жүргенов ауылында дүниеге келген. 1982-1984 ж.ж. Алматы қаласындағы Театр студиясынан білім алды. 1984-1986 ж.ж. Әскер қатарында борышын өтеді. 1986-1994 ж.ж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының театр және кино актеры мамандығы бойынша бітірген. 1994-1996 ж.ж. Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау қаласының қазақ театрында актер қызметін атқарған. 1996-1997 ж.ж. Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ театрында қызмет атқарды. 2000 жылдың 19 желтоқсан айынан Астана қаласы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актер қызметін атқарып жатыр. Ойнаған рөлдері: Е. Аманшаев «Үзілген бесік жыры» - Ол, Т. Ахтанов «Күшік күйеу» - Қабанбай, Ш. Айтматов «Ақ кеме» - Саудагер Сағызбай, Е. Жуасбек «Үйлену» - Көмек Жәрдембергенұлы, Т. Джюдженоглу «Көшкін» - Қауым мүшесі Еркек, А. Цагарели «Гамарджоба» - Тимоте, М. Әуезов «Айман-Шолпан» - Көтібардың оққағары, У. Шекспир «Гамлет» - Қабірші, С. Тұрғынбекұлы «Мұқағали» - Шал, Д. Рамазан «Кенесары-Күнімжан» - Жауынгер, «Абылай ханның арманы» - Қазыбек би, Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» - Шаймерден, И. Штраус «Жұбайлар жұмбағы» - Орманшы, М. Әуезов «Абай» - Тәкежан, Ш. Мұртаза «Бір кем дүние» - Жалғас, Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» - Базарбай, Ғ. Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» - Жылгелді, Ф. Оңғарсынова «Күйші Дина» - қырсық шал, Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» - Әбейсін, У. Шекспир «Ромео – Джульетта» - Балтазар, М. Әуезов «Қарагөз» - Тойсары, М. Хасенов «Пай, пай, жас жұбайлар-ай» - Багратион, М. Әуезов «Еңлік Кебек» - Қалдашбай, «Махамбет» - Баймағамбет, «Қызғаншақ қыздар» - Жауынгер, М. Фриш «Дон Жуанның думаны» - Лопорелло, Е. Жуасбек «Терең тамырлар» - Қос ағаштың біреуі, Ш. Айтматов «Ана-Жер-Ана» - Жайнақ, Теміржолшы, Ақсақал, «Япон спектаклі» - Кико Мико, тілші, С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Корреспондент, О. Бөкей «Құлыным менің» - Балкондағы интеллегент, М. Әуезов, Қ.Ысқақ «Қараш-Қараш» - Ақсақал, Ж. Ануй «Жалын жұтқан Жанна д Арк» - Архиескоп, М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Дүйсен. Ертегілер: С. Аксалов «Ал қызыл гүл» - Көпес, Уно Лейес «Айға ұшқан буратино» - Буратино, С. Маршак «Үйшік» - кірпі, Ш. Устинов «Маленький Шарманшик» - урод, Ш. Жүнісов «Орман ертегісі» - Маймыл, «Сиқырлы шөп» - Бақсы, «Жеті лақ» - лақ, қасқыр, «Қар ханымы» - ханзада, «Құпиялы мереке» - Аяз ата, «В строме музыки» - музыкант, «Алтын сақа» - Щоң би, Желаяқ, «Алдардың айласы» - ит.

Спектакли в театре:

ПРЕМЬЕРА!

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-6 күндері сағат:19.00де "КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Подробнее

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр