Әлімбек Оразбеков

Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков
Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков
Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков
Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков
Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков
Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков
Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков
Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков
Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков
Оразбеков Әлімбек Тоқтарұлы Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 1953 жылы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар селосында дүниеге келді. 1971-1975 ж.ж. Алматы қаласындағы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияның театр факультетінің актер бөлімін бітірген. 1975 ж. Талдықорған облыстық қазақ драма театрында 15 жыл актер қызметін атқарды. 1976 жылдан Театр қайраткерлері одағының мүшесі. 1990-1993 ж.ж. Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтының режиссура факультетін тәмамдап, сол жылы Талдықорған облыстық қазақ драма театрына режиссер болып орналасты. 1994 жылы Мәдениет министірлігінің жолдамасымен Қарағанды облыстық қазақ драма театрының бас режиссері болып тағайындалды. 2000 жылдан бастап Қарағанды облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері қызметін атқарды. 2009 жылы арнайы шақыртумен Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының режиссері болып тағайындалды. Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры. Сахналаған спектакльдері: • А.Горин «Атың шықпаса»...; • Е.Разумовская «Медея»; • Ж. Шевре «Ізгілік формуласы» \комедия\ • М.Әуезов «Абай» \трагедия\ • М.Әуезов «Айман- Шолпан» \музыкалық комедия\ • М.Әуезов «Қорғансыздың күні» \драма\ • Ш.Айтматов «Ана-Жер-Ана» \трагедия\ • Т.Джюдженоглы «Көшкін» \психологиялық драма\ • Ш.Мұртаза «Домалақ ана»; • Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай» \комедия\ • Ә.Тарази «Үкілі жұлдыз» \фарс-трагедия\ • Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна д’Арк» \трагедия\ • Қ.Жүнісов «Сәкен-Сұңқар» \тарихи драма\ • М. Машаду «Бразилия байлығы» \ертегі\ • М.Әуезов, Қ. Ысқақ «Қараш-Қараш» \әлеуметтік драма\ • А. Айларов «Сүрінген сүрбойдақ» \комедия\ • М.Әуезов «Қорғансыздың күні» \драма\ Пьсалары: • «Бір түп алма ағашы»; • «Сенім»; • «Соқыр үміт»; Инсценировкалары: • М. Әуезов «Қорғансыздың күні» • Ш. Айтматов «Әділет азабы» Аудармалары: • Ж.М. Шевре «Ізгілік формуласы» • С. Лобозеров «Жындыханадан келген мейман» Марапаттары: 2000 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды. 2002, 2006 жылдары Қарағанды облысы әкімінің «Жыл режиссері» номинациясымен марапатталды. 2002, 2003 жылдары ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «Құрмет» грамотасын иеленген. 2012 жылдың 1-5 қазан аралығында Қостанай қаласында өткен І.Омаровтың 100 жылдығына арналған Республикалық Театрлар фестивалінде Ә.Оразбеков сахналаған Ж.М.Шевренің "Ізгілік формуласы" атты комедиясында басты кейіпкерлерді сомдаған артистер: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Лейло Бекназар-Ханинга мен ҚР еңбек сінірген артисі Жанат Чайкина "Ең үздік әйел" номинациясына, жас актриса Айнұр Жетпісбаева «Үміт» номинациясына ие болды. 2013 жылы Қаллеки театрында режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбековтің 60 жылдық мерейтойы аталып өтті. 2014 жылдың 15-18 мамыр аралығында Павлодар қаласында өткен қайраткер, тұлға, жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналған «Алаш Ардақтысы» аймақтық театр фестивалінде Ә.Тарази «Люстра» шығармасының желісі бойынша Ә.Оразбеков сахналанған «Үкілі жұлдыз» фарс трагедиясы Гран-при жүлдесін жеңіп алды. 2014 жылы V Орталық Азия мемлекеттерінің Халықаралық театр фестиваліне Ә.Оразбеков сахналаған Ж.Ануйдың «Жалын жұтқан Жанна ДꞌАрк» драмасы Гран-при жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, спектакльде Жанна бейнесін сомдаған актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айнұр Бермұхамбетова «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясына ие болды. 2017 жылы әйгілі режиссер, Халық Қаһарманы Ә.Мәмбетовтің 85 жылдығына арналған «Сахнадан сәлем» V Халықаралық театрлар фестивалінде режиссер сахналаған «Қараш-Қараш» әлеуметтік драмасы, (Авт:М.Әуезов, Қ.Ысқақ) және Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналған І Дүниежүзілік «Астана» фестивалінде М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» драмасы халықаралық сарапшылардың назарына ұсынылып, жоғары бағасына ие болды.

Спектакли в театре:

ПРЕМЬЕРА!

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-6 күндері сағат:19.00де "КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Подробнее

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр