«ЛӘЙЛІ-МӘЖНҮН» /поэма/

"ЛӘЙЛІ-МӘЖНҮН" поэма

Гәнжауи Низами

«ЛӘЙЛІ-МӘЖНҮН» /поэма/

Премьера: 2019-02-27

Продолжительность спектакля: 1 сағат 40минут

Спектакль идет с одним антрактом

Қоюшы режиссері Барзу Абдраззаков
Шығыста аса танымал болған Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн» атты дастаны Арабтың узра тайпасының аңыздарының негізінде туған ұлы махаббат тақырыбын жырлайды. Поэманың оқиға желісі: Араб елінде бір перзентке зар болған дәулеті асқан бай Алладан жатса-тұрса бала сұрайды. Тілегі қабыл болып, бір ұл көреді. Каис ер жеткенде Ләйліні көріп, ғашықтықтың торына шырмалады. Қыздың сұлулығына қайран қалған жігіт есінен танып, ақылынан адасады. Әкесі Ләйліні басқа адамға қосады. Мұны естіген ғашық жігіт жапан түзді кезіп кетеді. Сөйтіп, Каис «Мәжнүн» аталады. Елден жырақ кеткен Мәжнүннің көкірегі толған ащы шерді ұшқан құс пен жортқан аңнан басқа ешбір жан түсінбейді. Жапа шегіп, жаны күйзелген Мәжнүн Ләйлінің өлгенін естігенде есінен танады. Сүйгеніне қолы жетпей бұл өмірден ол да өтеді. Кейбір ғалымдар «Ләйлі – Мәжнүн» жырын сопылық поэзия үлгісінде жазылған, символдық мәні терең жыр деп таниды. «Мәжнүн» сөзі «есінен адасу» мағынасын беріп, Ләйліге деген махаббат Аллаға ғашықтықтың символы ретінде берілген дейді зерттеушілер. Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн» атты әлемге әйгілі поэмасының негізінде алғаш рет Қаллеки театрында сахналанды.

Действующие лица и исполнители:

ПРЕМЬЕРА!

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-6 күндері сағат:19.00де "КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Подробнее

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр