Билет сатып алу
Театр әдебі

Театр әдебінің  талабы:

Қадірлі көрермен! Сіздерге Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрындағы этикет пен  мінез-құлықтың негізгі  қағидасын ұсынады:

  • 12 жасқа толмаған көрермен кешкі қойылымға кіргізілмейді! / Билет сатып алу барысында қойылымда бекітілген жас ерекшелігін ескеруіңізді сұраймыз/
  • Сырт киіміңізді гардеробқа өткізіп, спектакльдің бағдарламасымен танысып, өзіңізге тиесілі орынға уақытында отырғыңыз келсе, театрға спектакль басталғанға дейін кем дегенде 15-20 минут ертерек келгеніңіз абзал.
  • Көрермен залына сырт киіммен, азық-түлік және түрлі сусындармен кіруге болмайды.
  • Үшінші қоңыраудан кейін көрермен залына кіруге тыйым салынады. Қойылым уақытына кешігіп келген көрерменнің билет орны сақталмайды және сатып алынған билеттің құны қайтарылмайды. Сіз өзге көрермендерге кедергі келтіріп қана қоймай, өзіңізге тиесілі орынға емес, бақылаушылар көрсеткен орынға отыруыңызға тура келеді. Антракт кезінде, өз орныңызға ауыса аласыз.
  • Қойылым барысында фото, бейне түсірілімдер жасауға тыйым салынады. Қойылым басталғанға дейін ұялы телефон және басқа да шуы бар құрылғыларды сөндіріп қою қажет.
  • Театр әкімшілігі репертуардағы спектакльдердің күні мен уақытын өзгертуге құқылы.
  • Қойылым кезінде залдан шығып кету – көрермен мәдениетінің төмендігінің білдіреді. Спектакльден көңіліңіз қалса да, үзіліске дейін күтіңіз, содан кейін ғана залдан шығып кетуге рұқсат.
  • Қойылым ортасында –  тыныштықты бұзуға, ысқыру, айғайлау, аяқ қағуға, шамадан тыс қол шапалақтауға болмайды.
  • Қандай ауыр күн болса да, қойылым кезінде ұйықтап отыруға болмайды.      Құрметпен, Театр әкімшілігі