Бас қаһарман Бала мерген – жақсылықты ту еткен, айлалы ер, жігерлі батыр. Мыстан қулықпен қолға түсірген құрбысы Аққанатты құтқару жолында ол түрлі қиын жағдайларға кезігіп, нағыз ержүрек, елі үшін тайсалмайтын мықты күрескер ретінде танылады. Жау ордасына еркін еніп, ерлік көрсеткен Бала мерген қандай кедергілерге тап болды? Жолшыбай жолыққан достарымен бірге ол бейбіт күнді орната алды ма?
Ұлттық құндылығымыз ақ өлеңнің құдіретін паш етіп, қызыл тілдің майын тамызған Қ.Жетпісбаевтың «Бала мерген» ертегісі жаңа өскін балауса буынның сана-сезімін оятып, патриоттық сенімін қалыптастырып, қиял көкжиегін кеңейтеді, адамгершілікке баулиды.
Авторы | Қ. Жетпісбаев |
Қоюшы режиссер | Нұрфат Вахитов |
Қоюшы суретші | Берік Бурбаев |
Киім үлгісінің суретшісі | Берік Бурбаев |
Дыбыс операторы | Гүлнафис Әминова |
Хореограф | Асан Боранчиев |
Режиссердің ассистенті | Әнуар Бектас |
Режиссердің көмекшісі | Әлия Дәуітова |
Егескенде езуіңді тілетін,
Қоян алған сонарда
Бүркіттейін бүретін
Бала мерген…
КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Бала мерген | Әнуар Бектас |
Аққанат | Егубаева Динара
|
Ақбалдақ | Бақытгүл Батырханова |
Мыстан кемпір | Айнұр Жетпісбаева |
Қабыл /тыңшы/ | Бейбарыс Орман |
Дабыл /балуан/ | Бекарыс Шалқар |
Төртқұлақ хан | Нұрсұлтан Есен |
Бас уәзір | Аманжол Молдахмет |
Өгіз балуан | Шах-Мұрат Ордабаев
Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты |
Жендеттер | Қобыланды Болат |
Көк мойын құс | Ситора Анварова |
Баскесер | Нұрхан Қосанов |