Олжас Жанайдаров
«ЖҰТ»
/драма/
Қоюшы режиссер – Айрат Абушахманов Башқұртстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы суретші – Шынар Елембаева
Музыкасын құрастырушы – ҚайратТоқымбетов
Дыбыс режиссері – Гүлнафис Әминова
Жарық беру жөніндегі суретші – Азамат Бекбембетов
Режиссердің ассистенті – Айман Карпсейітова
Режиссердің көмекшісі – Әлия Дәуітова
Театрдың көркемдік жетекшісі – Қуандық Қыстықбай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
АХМЕТ – Жанат Оспанов Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты
Нұрсұлтан Есен
СӘУЛЕ – Айман Карпсейітова
Айнұр Жетпісбаева
ЕРБОЛ– Сырым Қашқабаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Асылбек Қапаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
ЛЕНА – Айнұр Бермұхамбетова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ақмарал Танабаева ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты
ДАЯШЫ – Алтынгүл Серкебаева ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты
Динара Егубаева
Қазақ халқының басына түскен қиындықтар аз емес. Солардың бірі ХХ ғасырдағы – ашаршылық… «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» – деген ұранмен Сталин, Голощекиндердің саясаты жергілікті халықты қыру еді… Осындай нәубетте адам боп қалу, болашақ ұрпақ үшін жанын пида ету кез-келгеннің қолынан келмес ұлы ерлік болатын.
«Жұт» туындысы Мәскеуде тұратын қандасымыз, жас драматург – Олжас Жанайдаровтың қазақ халқының тарихына үңілген алғашқы қолтаңбасы. Бұл қойылым ата-бабалар рухына тағзым ету мақсатында сахналанды.
Спектакльдің премьерасы 2016 жылы27-28 қаңтар күндері өтті.