Билет сатып алу

Наурыз – көктем әуені

«Наурыз – көктем әуені »

Бас дирижер: Маралжан Мырзақұлова

Жанр: концерт

Жас санаты: 12+

Ұзақтығы: 1 сағ

Халық әндері мен күйлері – қазақтың бүкіл тарихының шежіресі, жабырқаса мұңдасы, жадыраса сырласы. Рухани байлығымыздың насихатталуына үлкен үлес қосып, кейінгі ұрпақты ұлттық музыкамызға баулитын Қаллеки театры халық аспаптар оркестірі – біз үшін де, киелі өнер үшін де зор мәртебе. Арнайы кеште сіздер ел жүрегінен орын алған халық музыкасымен сусындап, құлақ құрышыңызды қандыра аласыздар.

Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының Халық аспаптар ансамблі Еуропалық фольклорлық фестивальдер қауымдастығының қолдауымен өткен «AsiaFolk 2021» онлайн фестивалінде Гран-при жүлдесіне (толық ансамбль), І дәрежелі Диплом марапатына (домбырашылар ансамблі) және Франция елі ұйымдастырған «NOUVELLES ETOILES» атты халықаралық онлайн-байқауына қатысып, «Классика және джаз» номинациясында жүлделі 1 орынға ие болды. Қажымұқан Мұңайтпсұлының 150 жылдығына арналған «Көнеден жеткен күмбір» фестивалінде «Ең үздік орындаушы» дипломымен марапатталды.