Билет сатып алу

«ТЫҢДА» / театр артистері мен оркестрінің концерті

  • Жанр: театр артистері мен оркестрінің концерті
  • Бас дирижер: «Мәдениет саласының үздігі», Халықаралық конкурстардың лауреаты Ерлан Бейсембаев
  • Дирижер: Халықаралық конкурстардың лауреаты Маралжан Мырзақұлова
  • Режиссер: Шах-Мұрат Ордабаев
  • Категория: концерт

Музыка – ең қуатты және ең құдіретті тіл. Ол аударма мен анықтаманы қажет етпейді. Оны бәрі түсінеді. Ол жүректерде естіледі. Мен айтамын. Сен де айтасың. Қайғыда да, қуанышта да бүкіл әлем ән айтады. Музыка ауа сияқты. Ол күн мен ай, ол сен және мен.

Кеш барысында Құрманғазының күйі, Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері, Нұрғиса Тілендиевтің музыкасы мен әлем композиторларының туындылары және заманауи әндер орындалады. Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жанат Чайкина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айнұр Бермұамбетова, актер Қасымхан Бұғыбай, «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты Жасұлан Ерболат, халықаралық конкурстардың лауреаты Маржаннұр Макибаева және театр жастары қатысады.