Билет сатып алу

«ШИЕ»

  • Жанр:
  • Ұзақтығы:
  • Антракт:
  • Жас санаты:
  • Қоюшы режиссері: Сергей Потапов – Саха Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері (Якутия)
  • Қоюшы суретші: Берік Бурбаев
  • Киім үлгісінің суретшісі: Ханум Айдаш – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  • Дыбыс режиссері: Гүлнафис Әминова
  • Режиссердің ассистенті: Нұркен Өтеуіл
  • Режиссердің көмекшісі: Арай Амантауова
  • Театрдың көркемдік жетекшісі: Талғат Теменов – Қазақстанның Халық артисі, профессор

Ғасырлар түйіскенде адам баласының басына түсетін құса-шерді, рухани бағдардың жоқтығын сезінуден туар ауыртпалықты, өлара шақта кейіпкерлерді торитын жалғыздық кеселін Чехов пьесасында ішкі иірімдермен берген. Режиссер Сергей Потапов модернистік баянмен өмірде мақсатсыз, қорғанышсыз, дәрменсіз сенделген жандардың тұрмыс-тіршілігін сырты күлкі болғанымен түбінде тұнған көз жасы арқылы беруге ұмтылған. Чеховтың суреткерлік ұлылығы, адамсүйгіштігі оның қаһармандарының уақыт пен кеңістіктен тыс жасай беретін шынайылығында.