Рус Қаз Eng
Миниатюра
Миниатюра
Миниатюра
Миниатюра
Миниатюра
Миниатюра
Миниатюра
Миниатюра
Миниатюра

«Қыз Жібек»

Тудырғың келсе жаңаны…

Өткенге бір сәт қарағын.

Жол сал бастауға…

Көз сал «бастауға»

 

Аттанып бара жатыр аққу-қаздар,
Қош енді, қош болындар, гәкку-наздар!

Кеудемде күніренген дастан қалды,
Киелі қанатымен аққу жазған.

Аққулар, кешіріндер, жазықтымын!
Қараймын керуеніне қажып бүгін.
Адасып кетті-ау бірге сендерменен,
Алапат күшім менен нәзіктігім!

Сыңқылдап соғылғанда қанаттарың,
Таба алмай қалды менін тағат жаным.

Үзілген жолдарыңа, қарақтарым,
Үзілген жанарымды сабақтадым.

Ақ көлдің айдын төсін шимайлаған,
Сұлулар, жатыр сені қимай далам.
Аққу боп неге ғана жаралмадым,
Адам боп өзіме-өзім сыймай барам.

(с) Мұқағали Мақатаев.

 

Қазақстанда опера жанры XX ғасырдың 30 жылдары туды. 1934 жылы  казақтың тұңғыш операсы «Қыз Жібек» драмалық опера түрінде сахналанды. Ғасырға жуық уақыттан кейін ұлтымыздың інжу-маржаны «Қыз-Жібек» операсын көрермен назарына драмалық опера жанрында қайта ұсынбақпыз. Жаңаны тудырғың келсе, өткенге қайта орал. Бәрі басталған нүктеге…

 

Спектакльдің премьерасы 2023 жылы 24-25 қазан күндері өтті.

 Кейіпкерлер мен орындаушылар:       

ҚЫЗ ЖІБЕК Аяужан Малғаждарова

Амира Омарова

Ақмарал Танабаева

ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты

 

ТӨЛЕГЕН

Жасұлан Ерболат

ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты

Бибарыс Орман

Олжас Жақыпбек

Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты

 

ШЕГЕ 

Қасымхан Бұғыбай

«Мәдениет саласының үзідігі»

Ұлан Қабыл

 

БЕКЕЖАН

Қуандық Қыстықбай

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ержан Нұрымбет

“Құрмет” орденінің иегері

 

ҚАРШЫҒА

Нартай Сауданбекұлы

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

ДҮРИЯ  

Айнұр Бермұхамбетова

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бегімнұр Қалила

ҚАРЛЫҒАШ   

Ситора Анварова

 

САНСЫЗБАЙ

Ақжол Мамыр
 

БАЗАРБАЙ

Нұркен Өтеуіл

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Мейрам Қайсанов

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

СЫРЛЫБАЙ  

Жәнібек Мұсаев

«Мәдениет саласының үзідігі»

 

ЖІБЕКТІҢ АНАСЫ

 

Алтынай Нөгербек

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

ҚАМҚА

Айман Аймағамбет

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бақыт Жұмағұлова

Қазақ мәдениетінің қайраткері

Айнұр Бермұхамбетова

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

ҚЫЗДАР ТОБЫ 

Сая Тоқманғалиева, Гауһар Жүсіпова, Динара Егубаева, Ақниет Орынтай, Арай Омарова, Сағыныш Нұрхайдарова, Айман Карпсеитова, Нұрия Бөкенбаева, Диана Жолдыбек, Аяужан Малғаждарова, Гаухар Исмайлқызы, Саида Сагинова

 

Спектакль симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен жүреді.

 

 

Авторы: Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы, Ғ.Мүсірепов

Режиссер: Әлібек Өмірбекұлы

Жанр: драмалық опера

Ұзақтығы: 3 сағат

Үлкен сахна

Билет сатып алу
Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?