Билет сатып алу

«ҚҰРМАНҒАЗЫ»

Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)

Дирижер: «Мәдениет саласының үздігі» Маралжан Мырзақұлова

Режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов

Актерлік құрам: Халық аспаптар ансамблі мен театр артистері

Жанр:  концерт

Ұзақтығы: 60 мин

Жас санаты: 6+

 

«ҚҰРМАНҒАЗЫ» концерті қазақ халық композиторы, ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына арналады.

 

Халық әндері мен күйлері – қазақтың бүкіл тарихының шежіресі, жабырқаса мұңдасы, жадыраса сырласы. Рухани байлығымыздың насихатталуына үлкен үлес қосып, кейінгі ұрпақты ұлттық музыкамызға баулитын Қаллеки театры халық аспаптар оркестірі – біз үшін де, киелі өнер үшін де зор мәртебе. Арнайы кеште сіздер ел жүрегінен орын алған халық музыкасымен сусындап, құлақ құрышыңызды қандыра аласыздар.

Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының Халық аспаптар ансамблі Еуропалық фольклорлық фестивальдер қауымдастығының қолдауымен өткен «AsiaFolk 2021» онлайн фестивалінде Гран-при жүлдесіне (толық ансамбль), І дәрежелі Диплом марапатына (домбырашылар ансамблі) және Франция елі ұйымдастырған «NOUVELLES ETOILES» атты халықаралық онлайн-байқауына қатысып, «Классика және джаз» номинациясында жүлделі 1 орынға ие болды. Қажымұқан Мұңайтпсұлының 150 жылдығына арналған «Көнеден жеткен күмбір» фестивалінде «Ең үздік орындаушы» дипломымен марапатталды.