Билет сатып алу

«DALA DAUYSY» бірегей жобасының жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, сондай-ақ өскелең ұрпақты адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеу бағытында дәстүрлі, классикалық, эстрада және театр өнері жанрында жаңа туындыларды жарыққа шығару мақсатында Республикалық «DALA DAUYSY» конкурсын өткізеді.

Конкурста 5 номинация бойынша 16 сыйлық тағайындалды: «Үздік фольклорлық музыка», «Үздік классикалық музыка», «Үздік драматургиялық туынды», «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы», эстрада жанрындағы «Республика әні» және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2  арнайы жүлдесі.

  «DALA DAUYSY»  бірегей жобасының жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі және Гала-концерт 2022 жылы 20 желтоқсан күні Астана қаласында Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өтеді.

www.kaztheatre.kz