Билет сатып алу
Жаудыр Айболат Жанғалиұлы

Жаудыр Айболат Жанғалиұлы – 1978 ж. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Пятимар совхозы, Аққұс ауылында дүниеге келген.

1995-1999 ж.ж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Менеджер және театр ұжымын басқарушы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999-2000 ж.ж. Орал қаласындағы «ТДК-42» телеарнасында редактор қызметінде бастады.

2000-2006 ж.ж. Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында – администратор, бас администратор.

2005-2007 ж.ж. аралығында Қарағанды Экономикалық Университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады.

2006 жылдан аталмыш театрда директордың көрермен жөніндегі орынбасары.

2012 жылдан театр директорының бірінші орынбасары.

2013 жылдың 1 қарашасынан бастап, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» МКҚК директоры.

2016-2019 ж.ж. Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры

2019-2022 ж.ж. М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры қызметін атқарды.

2022 жылдың 10 ақпанынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры.