Билет сатып алу
Мейрамова Жұмагүл Өмірзаққызы

1949 жылы 12 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қарақыстақ ауылында туған.

1967-1971  жылдары Құрманғазы атындағы өнер институтында А7 Тоқпанов пен КСРО халық әртісі Ш.Жандарбекованың шеберханасынан театр және кино актері мамандығы бойынша оқыды.

1972-2007 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қызмет атқарды.

1996 жылы  «ҚР еңбек сіңірген артисі» атағына ие болды.

1996 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы  Қазақ Ұлттық өнер академиясының  сахна тілі кафедрасында қызмет  атқарған. Өнертану доценті.

2007 жылдан бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында жұмыс  атқарады. Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің профессоры;

2015 жылы «Еңбек ардагері» атағын иеленді.

2021 жылы Қаллеки театрының 30 жылдығына орай өткен салтанатты шара  аясына ҚР Мәдениет және спорт министрі арнайы тағайындаған «30 жылдық мерейтой» медалімен марапатталды.

Театр сахнасындағы рөлдері:

Ә.Тарази «Жолы болғыш жігіт» – Тана,  Ғ.Мүсірепов «Ақан Сері – Ақтоқты» – Ақтоқты, Ә.Нүрпейісов «Қан мен тер» – Ақбала, Ақбаланың шешесі, М.Әуезов «Абай» – Әйгерім, «Айман – Шолпан» – Айман, Теңге, Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?» – Әйгерім, О.Бөкей «Құлыным менің» – Анар, Қарлығаш, Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Зарипа, Ж С.Мұқанов «Шоқан Уалиханов» – Катерина, Л.Табукашвили «Арманымның ақ құсы» – Нинико, И.Вовнянко «Апат» – Ұлпан, П.Гауптман «Ымырттағы махаббат» – Паола, Б.Римова «Абай – Әйгерім» – Тоғжан, А.Чехов «Ваня ағай» – Мария Васильевна; Т.Джюдженоглу «Көшкін» – Бәйбіше, Е.Жуасбек «Антивирус» – Жамал,. Ануй «Жалын жұтқан Жанна д Арк» – Иоланта, Р. Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – Анасы, Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Көш;