Билет сатып алу
Қабыл Ұлан Болатбергенұлы

Қабыл Ұлан Болатбергенұлы 1995 жылы 4 қазанда Қызылорда облысында дүниеге келген.

2012 жылы Алматы қаласындағы №158 ЖББМ тәмәмдаған. 2012-2016 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Қазақстанның еңбек сіңірген артисті, белгілі театр және кино актері Біләл Ерлан Әбдірахманұлының шеберханасына оқуға түсіп, «Музыкалық театр және кино артисі» мамандығы бойынша тәлім алған.

2017 жылы С. Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық драма театрына толыққанды маман ретінде жұмысқа қабылданды.

2019 жылы «AstanaMusical» Мемлекеттік мюзикл театрында қызметін жалғастырды.

2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында қызмет атқаруда.

Театр сахнасындағы рөлдері:

  1. А. Зағыппар «Дауылпаз баба Қожаберген» – Бөгенбай батыр
  2. Т. Миннулин «Гәргәрбектің Гөйгөйі» – Ләтөк
  3. К. Гольдони «Венециалық егіздер» – Флориндо
  4. Ш. Мұртаза «Азиза» – майор Глебов
  5. «86» Лаборатория – Рысқұлбеков
  6. Р. Куни «№13» – Ронни
  7. К. Тоқаев «Солдат күнделігінен» – Мейірманов
  8. Ә. Бағдат «Шаңырақ» – Жаушы
  9. Виктор Гюго «Notre dame de Paris» – Клопен
  10. И. Штраус «Жарқанат» – Адвокат Блинд
  11. М. Әуезов «Айман – Шолпан» – Жарас
  12. Х. Алтай «Алтайдан ауған ел» – Қозыке
  13. М. Сервантес «Дон Кихот» – Дон Кихот

Жұмыс тәжірибесі мен жетістіктері:

  • Халықаралық “Шабыт” шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлдегері. Астана қаласы, 2017 жыл. Номинация “Актерлік шеберлік”
  • Қазақстан Республикасындағы алғашқы “Soundrama” жанры бойынша құрылған “StartDrama” лабораториялық театрының негізін қалаушылардың бірі. Петропавл қаласы, 2017 жыл.
  • СҚО С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының “Үміт” тәуелсіз театр номинациясының жүлдегері. Петропавл қаласы, 2018 жыл.
  • Облыстық “Мамыр жұлдыздары” патриоттық әндер байқауының гран-при иегері. Петропавл қаласы, 2018 жыл.
  • Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Консулынан Алғыс хат. Омбы қаласы, 2018 жыл.
  • Халықаралық “Откровение” театр фестивалінің қатысушысы. Алматы қаласы, 2018 жыл.
  • Халықаралық “Fest in Bulevard” театр фестивалінің қатысушысы. Бухарест қаласы, Румыния, 2018 жыл.
  • Әлемдік деңгейдегі “Notre dame de Paris” мюзиклінің актері, Астана қаласы, 2018 жыл
  • “13 Халықаралық” жаздық театр мектебінің түлегі. Мәскеу қаласы 2019 жыл
  • Ресей, ТМД, Балтика және Грузия елдеріне арналған “Арт-Миграция” фестиваль-форумының қатысушысы. Мәскеу қаласы, 2019 жыл
  • В Панковтың жетекшілігімен өткен «Акустикалық читка» лабораториясының қатысушысы Мәскеу қаласы 2019 жыл