1998 жылы 2 қаңтар күні Алматы облысы Панфилов ауданында дүниеге келді.
2004-2012 жылдары аралығында Ж.Сыдықов атындағы орта мектепте білім алды.
2015-2019 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультеті Г.Б.Аманжанова, К.Адылов шеберханасында «Актер» мамандығы бойынша білім алды.
Студенттік шақта ойнаған рөлдері:
– М.Әуезов «Қарагөз» – Сырым;
– А.П.Чехов «Аю» – Смирнов;
– Ағайынды Гримм «Бремендік музыканттар» – Сақшы;
– Б.Брехт «Сычуаньнан шыққан мейірімді адам» – Эксперимент;
– Н.Гоголь «Өлі жандар» – Собакевич;
2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері;
2020 жылы 15-16 шілде күндері «Актерлік шеберлік.Пьеса және рөл талдау. А.П.Чехов драматургиясы» тақырыбында 16 сағаттық оқуға қатысты. (Ресей театр өнері институты – ГИТИС)
2021 жылы Qalleki театр лабораториясының ашылуына орай сахналанған О.Бөкей «Ұйқым келмейді» спектаклінің режиссері.
2022 жылы жас актер Бәзіл Сұлтанғызының режиссерлігімен сахналанған О.Бөкейдің «Ұйқым келмейді» драмасы V Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестиваліне шақырту алып, театр сарапшыларының назарына ұсынылды. Фестиваль нәтижесі бойынша жас режиссер Б.Сұлтанғазы «Қадыр Рахымбайұлы Жетпісбай» атындағы арнайы жүлдемен марапатталды.
2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік степендияның иегері атанды.
Театр сахнасындағы рөлдері:
Т.Теменов «Ақ жауын»/А.Вампиловтың «Тұңғыш ұл» пьесасына фантазия/ – Рамазан;
М.Әуезов «Абай» /трагедия/ – Мағауия;
Т.Әсемқұлов «Құнанбай»/драма/ – Жас Құнанбай;
Р.Мұқанова «Бопай ханым» /тарихи трагедия/ – Нұрәлі хан;
М.Әуезов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ – Арыстан тобында;
Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Көш; Режиссері:
М.Сервантес «Дон Кихот» /трагикомедия/ – Дон Кихот;
О.Бөкей «Ұйқым келмейді» – Жігіт.
С.Қайырбек «Кешкі 7» – Кейіпкер.
М.Әуезов «Қарагөз» – Нарша. Режиссері:
П.Бомарше «Фигароның үйленуі» – Граф.
У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Тибальт.
Дубляж саласындағы рөлдері:
Disney/Pixar студиясының «Алға»
(Onward) анимациялық фильмі – Барли;
Режиссерлік жұмыстары:
2021 жылы Qalleki театр лабораториясының ашылуына орай сахналанған О.Бөкей «Ұйқым келмейді» спектаклінің режиссері.
2023 жылы Qalleki театр лабораториясы «Кешкі 7» /спектакль-концерт/ режиссері.
2025 жылы Ж.Әлікен «Жүрек сыры. Махаббатым сен…» /драма/ режиссері.
2025 жылы С.Мұқановтың “Шоқан” пьессасының желісі бойынша “Шоқан” /трагедия/ режиссері.

