Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының 30 жылдық мерейтойы Ел Тәуелсіздігімен қатар келіп отыр. Дәл осы даталардың қарсаңында Қаллеки театры 30 жылдығана арнап, айтулы іс-шараларды өткізуді бастады. Қаллеки театры осыдан 30 жыл бұрын белгілі режиссер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ұстаз Жақып Омаров атамыздың бастамасымен негізі қаланып, осы уақытқа дейін астаналықтарға қалтқысыз еңбек етіп келеді. Театрдың мерейтойымен қатар Жақып Омаровтың 80 жылдығы қатар тойлануда. Қос мереке аясында Райымқұлова салтанатты шараға қатысып, өз құттықтауын жеткізді.

«Тәуелсіздікпен тұспа-тұс келген, Қаллеки театрының 30 жылдық мерейтойы құтты болсын! Ел болып, еңсе тіктеген жылдан бері мемлекетіміз өнерге өз қолдауын білдіріп келеді.Соның бірден-бір дәлелі, осы театр артистерінің көрермен алдында, жаңа ғимаратта, жаңа сахнада өнер көрсетуі. Сондықтан, күнделікті осы театрдың сахнасында өз өнерін көрсетіп, көрермен ықыласына бөленіп жүрген театрдың өнерпаздарына басымды иіп алғысымды айтамын» - деді, Ақтоты Райымқұлова

Сонымен қатар, осы мерейтойларға арнап «Алтайдан ауған ел» спектаклі көрермен назарына ұсынылды.

Ауқымды іс-шаралар келесі күні де өз жалғасын тапты. Бұл күні «Режиссер Жақып Омаров» атты кітбының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге елге белгілі өнер қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысып, салтанатты шараның куәгері болды. Шара барысында Асанәлі Әшімов сөз алып, Жақып Омаров жайлы өз естеліктерімен бөлісті.

Бағдарлама кестесі бойынша мерейтойдың үшінші күні театр фотоальбомының тұсаукесері мен театрдың музейінің ашылу салтанаты өтті. Айтулы шаралар легі қызыл кілемдегі театр ұжымының, ресми қонақтарының шеруімен өз жалғасын тапты.

Add comment