Айболат Жанғалиұлы - 1978 ж. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Пятимар совхозы, Аққұс ауылында дүниеге келген.

1995-1999 ж.ж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Менеджер және театр ұжымын басқарушы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999-2000 ж.ж. Орал қаласындағы «ТДК-42» телеарнасында редактор қызметінде бастады.

2000-2006 ж.ж. Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында администратор, бас администратор.

2005-2007 ж.ж. аралығында Қарағанды Экономикалық Университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады.

2006 жылдан аталмыш театрда директордың көрермен жөніндегі орынбасары;

2012 жылдан театр директорының бірінші орынбасары;

2013 жылдың 1 қарашасынан бастап, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» МКҚК директоры.

2016-2019 ж.ж. Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры.

2019-2022 ж.ж. М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры қызметін атқарды.

Add comment