Ұлттық өнеріміздің өрісін кеңейтіп, халқымыздың төл музыкаларын насихаттап жүрген, Халық аспаптар оркестрі «Әуезді көктем» атты жаңа концерттік бағдарламасын көрермен назарына ұсынбақ.

Арнайы кеште ел жүрегінен орын алған халық музыкалары шырқалады.

Аталмыш концерт 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, 6-22 наурыз күндері өтеді.  

Сахнада Дайрабайдың «Дайрабай», Тәттімбеттің «Сарыжайлау» Халық әні «Әгугай», «Әдемі қыз» сынды шығармалар орындалады.

Концерт бағдарламасына күй атасы – Құрманғазының күйлерінен бастап, Сыр бойы, Арқа, Жетісу ән мектептері, қазіргі композиторлардың да туындылары енген.

Оркестр солистері, Дирижер- Халықаралық конкурстардың лауреаты Маралжан Мырзақұлованың жетекшілігімен ұлы күйшілердің есімдерін асқақтатып, артына қалдырған мұраларын тағы бір жаңғыртпақ.

Ендеше, ұлттың музыканың үздік әуендерінен құрылған кештен қапы қалмаңыздар.

Add comment