БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

 

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық

қазақ музыкалық-драма театры «ҚҰНАНБАЙ»

спектаклінің премьерасын ұсынады.

 

2021 жылдың 29, 30, 31 наурыз күндері тәуелсіздікпен құрдас театрдың жаңа сахнасында дайындалған алғашқы ауқымды қойылымның премьерасы өтеді.

Абылай хан, Зере, Абай сынды дара тұлғалармен ерекшеленетін театр репертуарының қоржыны Құнанбай бейнесімен толығады.

ҚР Тәуелсіздігінің және «Қаллеки» театрының 30 жылдығына орай сахналанған «ҚҰНАНБАЙ» драмасының қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Туынды авторы – Таласбек Әсемқұлов. Қоюшы суретшісі – Қанат Мақсұтов. Құнанбай бейнесін сахнада үш құрамда - Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Малаев, актер Нартай Сауданбекұлы сомдайды.

Спектакль премьерасына орай, 29 наурыз күні сағат 17.30-да бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

           

Баспасөз конференциясына:

  • театр директоры, «Құрмет» орденінің иегері Ернар Жұматаев;
  • театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбай;
  • режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов қатысады.

 

2021 жылдың 29 наурызы күні сағат 19.00-де театр сахнасында спектакль көрсетілімі басталады.

Қосу