Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс парламентінде өткен онлайн отырысында премьер-министр қызметіне Әлихан Смаиловты ұсынды.

Депутаттар Әлихан Смаиловтың кандидатурасын талқылап, бір ауыздан қолдады.

Ел Президенті отырыс барысында еліміздің бүгінгі ахуалына байланысты маңызды мәлімдемелер жасады.

Сөз соңында ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстанның дамуының жаңа кезеңі басталады. Егемен елімізді бірге өркендетейік.

Жаңа Қазақстанды бірге құрайық деп аяқтады. Халықтың жағдайын жіті түсініп,әлеуметтік-экономикалық салаларда белең алып жатқан кемшіліктер мен қиындықтарды еңсеруге бар күшін салатынына бүкіл қоғам сенім артады.

Енді осы Мемлекет басшысы тапсырмалары толық іске асуы жолында бәріміз бірлесіп, өз үлестерімізді қосуға тиіспіз.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры, «Құрмет» орденінің иегері Ернар Жұматаев

Қосу