Билет сатып алу

Венгер композиторы Имре Кальманның «Чардаш королевасы» («Сильва») атты опереттасы әлемдік театр репертуарынан түспей қойылатын таңдаулы дүние. Кабаре әншісі, қара халықтан шыққан Сильва мен ақсүйек, бай баласы Эдвин екеуінің махаббаты арқау болған музыкалық спектакльде көңілді, мерекелік атмосфера салтанат құрған. Музыкалық спектакльде зұлымдық иелері жоққа тән. Азаттық рухы мен шынайы махаббат көл-көсір әсем музыканың қабатымен жарқырай түседі.