Билет сатып алу
  • Жанр: поэтикалық қойылым
  • Қоюшы режиссерлер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов
    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов
  • Қоюшы суретшісі: Қанат Мақсұтов
  • Хормейстер : Амантай Жұмашев
  • Хореограф: Салтанат Жолымбаева
  • Музыкамен көркемдеуші: Қайрат Тоқымбетов
  • Музыкамен сүйемелдеуші: Олжас Жақыпбек
  • Дыбыс режиссері: Гүлнафис Әминова
  • Режиссер көмекшісі: Гүлжан Әбдібаева

Адам болса сезім мен сенім іздер,
Келіңіздер, бері қарай еніңіздер.
Менің байтақ әлемім – планетамды
Көріңіздер аралап келіңіздер!

Ф.Оңғарсынова

 

Поэзия әлемінің падишасы Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, ақынның өлеңдерімен өрнектелген қойылым көрермен-қауымға рухани әсер сыйлап, жас буынды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелейтін тың дүние.

Фариза Оңғарсынованың сөздеріне жазылған әндерімен қатар ақынды төрт қырынан танытатын поэтикалық - музыкалық қойылым көрермен жанын поэзияның ұлы құдыретіне елітіп, патриоттық сана-сезіміне әсер етері хақ...

Кейіпкерлер мен орындаушылар:
ФАРИЗА Алтынай Нөгербек Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Премьерасы 2020 жылы 28 қаңтар күні өтті.