Билет сатып алу
  • Жанр: драма
  • Қоюшы режиссер: Башқұртстанның еңбек сіңірген қайраткері Айрат Абушахманов
  • Қоюшы суретші: Шынар Елембаева
  • Музыкасын құрастырушы: Қайрат Тоқымбетов
  • Дыбыс режиссері : Гүлнафис Әминова
  • Режиссердің ассистенті: Айман Карпсейітова
  • Режиссердің көмекшісі: Әлия Дәуітова
  • Театрдың көркемдік жетекшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбай

Қазақ халқының басына түскен қиындықтар аз емес. Солардың  бірі ХХ ғасырдағы – ашаршылық... «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» – деген ұранмен Сталин, Голощекиндердің саясаты жергілікті халықты қыру еді...  Осындай нәубетте адам боп қалу, болашақ ұрпақ үшін жанын пида ету кез-келгеннің қолынан келмес ұлы ерлік болатын.  

«Жұт» туындысы Мәскеуде тұратын қандасымыз, жас драматург - Олжас Жанайдаровтың қазақ халқының тарихына үңілген алғашқы қолтаңбасы. Бұл қойылым ата-бабалар рухына тағзым ету мақсатында сахналанды.

Спектакльдің премьерасы 2016 жылы 27-28 қаңтар күндері өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
АХМЕТ Жанат Оспанов ҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері
Нұрсұлтан Есен
СӘУЛЕ Айман Карпсейітова
Айнұр Жетпісбаева
ЕРБОЛ Сырым Қашқабаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Асылбек Қапаев
ЛЕНА Айнұр Бермұхамбетова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ақмарал Танабаева
ДАЯШЫ Алтынгүл Серкебаева ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері