Билет сатып алу
  • Жанр: элегия
  • Қоюшы режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов
  • Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов
  • Хормейстер :Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Жұмашев
  • Музыкамен көркемдегендер :Олжас Жақыпбек
    Айша Сырымбаева
  • Хореограф : Адыл Эркинбаев
  • Киім суретшісі : Алма Сырбаева
  • Дыбыс режиссері : Гүлнафис Әминова
  • Режиссердің көмекшісі: Гүлжан Әбдібаева
  • Театрдың көркемдік жетекшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбай

«Вальс королі» атанған ұлы композитор қиялы нені аңсады, жаны неден күйзелді, неге құстай талпынды?!  Айтулы ақын Серік Тұрғынбекұлы «Шәмші» атты туындысын текті туған дара дарынның ешкімге ұқсамайтын  тылсым табиғатына үңілуге, жан сарайының психологиялық иірімдеріне мән беруге ұмтылған. Шынайы талант иесі қашанда қорғансыз, тіршілікке икемсіз екен.

Шәмші деген төгілген ән-әуен ғой. Спектакль сарыны Шәмші әндері арқылы ашылады. 

Спектакльдің премьерасы 2017 жылы 1,2,3 желтоқсан күндері өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
ШӘМШІ Нұркен Өтеуіл Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
МУЗА Маржан-Нұр Макибаева
ЖЕКЕ ДАУЫСТА: Шах-Мұрат Ордабаев ҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері
Гауһар Жүсіпова
Жасұлан Ерболат ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері
БАС СҮЙЕМЕЛДЕУШІ ОРКЕСТР МҮШЕЛЕРІ:

Олжас Жақыпбек

ҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері

Айша Сырымбаева

Райымбек Пірназаров

Мұхит Шолақаев

Асхат Тоқтаров

* Спектакльде Шәмші Қалдаяқовтың «Ақ маңдайлым», «Қайықта», «Кешікпей келем деп ең...», «Бақыт құшағында», «Сыған серенадасы», «Ана туралы жыр», «Теріскей», «Менің Қазақстаным» (Әнұран) әндері мен Естайдың «Құсни-Қорлан», А.Жұмашевтың «Аққу дастан» әндері орындалады.

*Мұқағали Мақатаевтың «Жазылар естеліктер мен туралы»,

Қалқаман Сариннің «Мінәжат-монолог», «Көп қарғаның аңдығаны – өл ексе» өлеңдері оқылады.