Билет сатып алу
  • Ансамбльдің көркемдік жетекшісі: Халықаралық конкурстардың лауреаты Маралжан Мырзақұлова
  •  Бас дирижер: «Мәдениет саласының үздігі», Халықаралық конкурстардың лауреаты Ерлан Бейсембаев
  • Театрдың көркемдік жетекшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбай

Халық әндері мен күйлері - қазақтың бүкіл тарихының шежіресі, жабырқаса мұңдасы, жадыраса сырласы. Рухани байлығымыздың насихатталуына үлкен үлес қосып, кейінгі ұрпақты ұлттық музыкамызға баулитын Қаллеки театры халық аспаптар оркестірінің ашылуы – біз үшін де, киелі өнер үшін де зор мәртебе. Арнайы тұсаукесер концертінде сіздер ел жүрегінен орын алған халық музыкасымен сусындап, құлақ құрышыңызды қандыра аласыздар.