НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ДРАМА ТЕАТРЛАРЫНЫҢ XXVIIІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

 

     Үстіміздегі жылдың 18-23 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО және Қазақ КСР халық артисі Шолпан Исабекқызы Жандарбекованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVIIІ Республикалық театр фестивалі өтеді.                              

  Фестивальге Республикалық театрлар қатысады.  Фестиваль аясында Ш.Жандарбекова шығармашылық ғұмырынан сыр шертетін көрме өтеді және де Ерғазы Төлеудің «Шолпан жұлдыз» атты кітабының тұсаукесері өтпек.                        

        Фестивальдің ережесі мен бағдарламасы төменде жарияланған.