Қ. Жетпісбаев

 

 

 Премьера

«Бала мерген»

/ертегі/

 18 қараша                               11:00

 

Егескенде езуіңді тілетін,

Қоян алған сонарда

Бүркіттейін бүретін

Бала мерген...

 

          Бас қаһарман Бала мерген - жақсылықты ту еткен, айлалы ер, жігерлі батыр. Мыстан қулықпен қолға түсірген құрбысы Аққанатты құтқару жолында ол түрлі қиын жағдайларға кезігіп, нағыз ержүрек, елі үшін тайсалмайтын мықты күрескер ретінде танылады. Жау ордасына еркін еніп, ерлік көрсеткен Бала мерген қандай кедергілерге тап болды? Жолшыбай жолыққан достарымен бірге ол бейбіт күнді орната алды ма?

Ұлттық құндылығымыз ақ өлеңнің құдіретін паш етіп, қызыл тілдің майын тамызған Қ.Жетпісбаевтың «Бала мерген» ертегісі жаңа өскін балауса буынның сана-сезімін оятып, патриоттық сенімін қалыптастырып, қиял көкжиегін кеңейтеді, адамгершілікке баулиды.

 

          Спектакль «Қаллеки» театрының алғашқы жылдарында жетекшілік етіп, репертуарының қалыптасуына өзіндік еңбегін сіңірген Қазақстанның Халық артисі, режиссер Қадыр Жетпісбаевтың 80 жылдығына арналады.

 

Қоюшы режиссер         -        Нурфат Вахитов

 

Қоюшы суретші              -      Берік Бұрбаев

Киім үлгісінің суретшісі -     Берік Бұрбаев

 

Дыбыс операторы              -           Гүлнафис Әминова

Дыбыс редакторы                 -        Қайрат Тоқымбаев

Хореограф:                             -        Асан Боранчиев

Режиссердің ассистенті         -       Әнуар Бектас       

Режиссердің көмекшісі         -       Алия Даутова      

 

 

 

 

Театрдың көркемдік жетекшісі – Қуандық Қыстықбай

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері