«ҚЫЗЫЛ ОРАМАЛДЫ ШЫНАРЫМ»
  • Жанр: 
  • Ұзақтығы:
  • Антракт:
  • Жас санаты:
  • Қоюшы режиссері: Талғат Теменов - Қазақстанның Халық артисі
  • Қоюшы суретші: Рахат Сапаралиева
  • Хореограф: Салтанат Жолымбаева
  • Музыкамен көркемдеген: Талғат Теменов
  • Дыбыс режиссері: Ләззат Қыстықбаева
  • Режиссердің ассистенті: Сырым Қашқабаев
  • Режиссердің көмекшісі: Арай Амантауова
  • Театрдың көркемдік жетекшісі: Талғат Теменов - Қазақстанның Халық артисі, профессор

Қырғыз халқын күллі әлемге танытқан, адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыс Айтматовтың қалам тербеуге негіз болған махаббат тақырыбы әрқашан да өміршең. Ойда-жоқта кездесуден басталған таныстық үлкен махаббатқа ұласады. Шың басындағы шынарға ұқсатқан, ақ жүрегінің құрбаны болуға даяр Әселінен Ілиясты алыстатқан нендей сиқыр, нендей құдірет? Қойылымда сезім мен намыс сынға түсіп, «бастарына бейуақ бақытсыздық орнаған» жандардың өмірі баяндалады. Өмірде бір ғана жасалған ағаттықтың бағасы қандай болмақ? Әсел Нуриденнің сиқырын қайтарған Шолпандай бола ала ма? Сүйіспеншілік, адалдық, сыйластық, достық, көре алмаушылық, жауапкершілік, қамқорлық сынды тақырыптар қозғалатын лирикалық драмада нәзік сезім, ішкі мұң жатыр. Спектакль өмірдегі ұмытылмас, жүректің түкпірінде терең сақталған қимас махаббатты әспеттейді.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:
ӘСЕЛ Ақмарал Танабаева
ІЛИЯС Әбілмансұр Серіков
БАЙТЕМІР Сырым Қашқабаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанқалдыбек Төленбаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
ҚАДИША Сая Тоқманғалиева ҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері
АМАНЖОЛОВ Асхат Сұлтан
ЖАНТАЙ Нұрсұлтан Есен
ӘЛІБЕК Боранбай Молдабаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Қапаев
Спектакльдің премьерасы 2017 жылы 31 мамыр күні өтті