«ЗЕРЕ»
  • Жанр: 
  • Ұзақтығы:
  • Антракт:
  • Жас санаты:
  • Қоюшы режиссері: Нұрқанат Жақыпбай - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  • Қоюшы суретші: Берік Бурбаев
  • Дыбыс режиссері: Ләззат Қыстықбаева
  • Режиссердің ассистенті: Сырым Қашқабаев
  • Режиссердің көмекшісі: Әлия Дәуітова
  • Театрдың көркемдік жетекшісі: Талғат Теменов - Қазақстанның Халық артисі, профессор

Қазақтың ұлт ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулеттің «Зере» атты драмасы кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» атты роман-эпопеясынан бек таныс классикалық кейіпкерлерді көрермен қауыммен қайта жүздестіреді. Алып анадан туады. Абайдың әкесі Құнанбайдың ағасұлтан болмас бұрын, жас шағында дана, мейірбан анасы Зереден алған тәлім-тәрбиесі тектіліктің нышанына айналады. Зере – от басы, ошақ қасындағы өктем бәйбіше ғана емес, елінің мұң-мұқтажын, қайғы-қасіретін көре білетін дана, мейірбан ана. Отаршылдықтың қамыты азат басқа киілгенде елдік рухты жоғалтпай сақтайтын кие қазақ аналарының бойында ежелден бар екенін ақын ақ өлеңмен, кейіпкерлер табиғатын тани білуімен бере алған.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:
ЗЕРЕ Гүлжан Әспетова Қазақстанның Халық артисі
ҚҰНАНБАЙ Сырым Қашқабаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
КЕҢГІРБАЙ БИ Жанқалдыбек Төленбаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәнібек Мұсаев
БЕКТЕМІР
Зеренің әкесі
Кеңесбай Нұрланов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дастан Әлімов
ҰЛЖАН Сая Тоқманғалиева ҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері Жанар Қасымова
АБАЙ Жанат Оспанов ҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері
ОСПАН Нұрсұлтан Есен
КӨКІ БӘЙБІШЕ Бақыт Исабекова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
ЫРҒЫЗБАЙ ЕМШІ Олжас Жақыпбек ҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері
БӨЖЕЙ Боранбай Молдабаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрам Қайсанов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
БАЙСАЛ Жәнібек Мұсаев Самат Байыров
ҚАРАТАЙ Асылбек Қапаев Қасымхан Бұғыбай
ТЫРЖЫҚҚЫЗ Айман Аймағамбет Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айшолпан Ибраева
ЖӘЛМЕНКҮЛ Алтынгүл Серкебаева ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері Ботагөз Мақсұтова ҚР Жастар Одағы сыйлығының иегері
ҚАРАХАН Жасұлан Ерболат ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері Аманжол Молдахмет
Спектакльдің премьерасы 2017 жылы тамыз айының 23-24 күндері өтті.