Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

1966 жылы 1 мамырда Талдықорған облысы, Қапал ауданы, Көшкентал ауылында дүниеге келді.

1972-1982 жылдары Талдықорғандағы №1 қазақ мектеп-интернатында білім алды.

1982-1984 жылдары М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық қазақ драма театрының жанындағы студияда режиссер Ә.Рахимов пен У.Сұлтанғазин сыныбынан дәріс алды.

1984-1986 жылдары Кеңес Армиясы қатарында Украина, Чехословакия жерінде әскери борышын өтеді.

1986-1990 жылдары Алматыдағы мемлекеттік  Театр және көркемсурет институтының «театр және кино актері» мамандығын, профессор  Р.Қаныбаева, А.Ықсанов және Н.Жақыпбай шеберханасында оқыды.

1991-1993 жылдары Павлодардағы Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында қызмет атқарды.

1998 жылдан Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актерлік қызмет жасап келеді. Театрда қызмет жасаған жылдары Ташкент, Уфа, Германия, Ресей қалаларында гастролдік сапарларда болды.

2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай  актер «ҚР  еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.

2014 жылы  Елбасының мемлекеттік стипендиясын иеленді.

Туған жылы: 1 мамыр 1966ж.
Сомдаған рөлдері: