https://kaztheatre.kz/kz/teatr-zhymy/akterlik-ram/107-t-lenbaev-zhan-aldybek-m-fti-ly#sigProId7fb0635df7
1973 жылы 3 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келді.
1980-1990 жылдары Ақсуат орта мектебін бітірді.
1990-1991 жылдары Аудандық Мәдениет үйінде кино механик қызметін атқарды.
1991-1993 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді.
1995-1999 жылдары Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық театр және кино институты «Музыкалық комедия актері» бөлімін профессор, ҚР еңбек сіңірген артисі Рахила Машурованың сыныбында бітіріп шықты.
1999 жылдан Халық қаһарманы - Ә. Мәмбетовтің шақыруымен Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актерлік қызмет жасап келеді.
- М. Әуезов «Абай» - Жиренше
- «Еңлік-Кебек» - Абыз
- «Қарагөз» - Дулат
- «Қара қыпшақ Қобыланды» - Көклан
- «Айман – Шолпан» - Маман
- Ғ. Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» - Науан
- «Қыз Жібек» - Базарбай
- «Қозы Көрпеш – Баян сұлы» - Жантық
- Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» - Сәбитжан
- «Ақ кеме» - Оразқұл
- У. Шекспир «Гамлет» - актер
- «Ромео мен Джульетта» - Князь
- С. Тұрғынбекұлы «Мұқағали» - Мұқағали
- Ф. Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» - Ахмет Жұбанов
- Дж. Патрик «Қымбатты Памела» - Сол Бозо
- Ж. Алмашұлы «Бәйтерек басындағы кездесу» - Исатай
- В. Дельмар «Баянсыз бақ» - Джордж
- Е. Жуасбек «Үйлену» - Терек
- «Терең тамырлар» - «Қара ағаш»
- Д. Рамазан «Кенесары – Күнімжан» - Қоңырқұлжа
- «Абылай ханның арманы» - Қалден Серен
- А. Цагарели «Гамарджоба» - Акоп
- Т. Джюдженоглу «Көшкін» - Отағасы
- М. Фриш «Дон-Жуанның думаны» - Дон Гансало
- Э. Хушвақтов «Қызыл алма» - МММ
- Қ.Жиенбай «Таңғажайып планета» - Молда
- С.Балғабаев «Махаббат сиқыры» - Алпан Балпанович
- Р.Отарбаев «Әміре» - Мұстафа Шоқай
- Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» - Байтемір
- Е.Шварц «Күлше қыз» - Король
- Ұ.Есдәулет «Зере» - Кеңгірбай би
Қазақ театрының сахнасында тұңғыш рет қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған драматург Серік Тұрғынбекұлының «Мұқағали» поэтикалық драмасындағы Мұқағали бейнесін Жанқалдыбек Төленбаев 15 жылдан астам уақыт бойы сахналап келеді. «Мұқағали» бейнесіндегі актер Жанқалдыбек Төленбаевтың сомдауында қалың көрерменнің зор ықыласына бөленіп, театр репертуарындағы көрермені көп, жоғары сұранысқа ие спектакльдердің бірі.
«Алмас қылыш» - жауынгер Зеңги
«Біржан сал» – Есаул Қалмақ;
«Мұқағалидың шындығы» атты деректі фильмде – Мұқағали бейнесі,
авторы: С. Жанболат, режиссері: С. Ибрайым
Астана телеарнасында:
«Қатыш пен Тәтіш» әзіл-оспақ бағдарламасы – Қатыш әже
«Астана-думан» - сықақшы
2002 жылы Халықаралық Шабыт жастар шығармашылық фестивалінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қырғызстан, Өзбекстан, Башқұртстан және тағы да басқа мемлекеттерге гастрольдік сапарларға шығу арқылы республикамыздың театр өнерін дамытуға зор үлес қосуда.
2012 жылы Қазақстан мен Түрік Республикасы арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту мақсатында Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі TIKA-ның және Астана қаласы әкімдігінің Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры мен Юнус Эмре Түрік мәдениет орталығының бірлескен жобасының нәтижесінде 2012 жылы қараша айының 10-16 жұлдызы аралығында Түркия мемлекетінің Ыстамбул, Анкара қалаларына түрік тілінде тұңғыш рет ұсынылған драматург Думан Рамазанның «Кенесары-Күнімжан» қойылымында актер Жанқалдыбек Төленбаев «Қоңырқұлжа» рөлін сомдады.
Жанқалдыбек Төленбаев көптеген республикалық, үкіметтік концерттерде және қаладағы жалпы қалалық іс-шараларға ат салысады. Сол себепті, ол тек қана Астана қаласы мәдениеттінің гүлденуіне ғана емес, сонымен қатар қаланың қоғамдық өміріне де зор үлес қосуда. Бүгінгі таңда ол «Нұр Отан» халықтық -демократиялық партиясының мүшесі болып табылады.
Жанқалдыбек отбасында қамқоршы әрі мейірімді адам. Үш баланың әкесі.
2010 жылы Президенттік телеарнаның ұсынысымен «Астананың 7 кереметі» деректі фильмінде «Үлгілі Жас отбасы» ретінде таңдалып алынды.
Театрда атқарып жүрген 17 жылдық қызметі барысында тамаша актерлік шеберлігімен, керемет дауыс мәнерімен, жан-жақты ізденгіш қасиеттерімен ерекшелене алатын өнер адамы. Ол психологиялық драмалардағы, комедия жанрындағы, трагедия жанрындағы рөлдерді жоғары шеберлікпен сомдауда әртүрлі кейіпкерлердің тағдырын қалың көрерменге ұсынып келеді.
Өзін жетілдіру мақсатында үнемі жұмыс жасайды, қызметіне жауапкершілікпен қарайды, қайсар, еңбекқор әрі табанды. Әріптестерінің арасында абырой-беделге ие.
2000 жылы Ресейдегі Қазақстанның Мәдени жылына арналған іс-шараларға белсенді қатысып, көрермендердің жоғары бағасына ие болды.
2001 жылы Бірінші Республикалық театрлық шағын комедиялар блиц-фестивальінде «Таракан из-за границы» - қойылымы үшін І-дәрежелі дипломмен марапатталды.
2001 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.
2002 жылы «Тазша бала» конкурысының Гран-При иегері.
2004 жылы Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының «Құрмет» грамотасын иеленді.
2004-2008 жылы «Астана думан» әзіл-сықақ театрының актері болып қызмет етті.
2006-2010 жылы Президенттік Мәдени орталығындағы Ұлттық дәстүрлі театрында актер болып қызмет атқарды. Атап айтсақ, «Алпамыс батыр» – Алпамыс, М. Жолдасбековтың «Ұлбике» қойылымында – Күдерқожа; «Армысың, әз Наурыз» қойылымында – Алдар Көседей бабаларымыздың асыл бейнесін нақышына келтіре отырып, өте жоғары деңгейде сахнада сомдай білді.
2007 жылдары «Астана» телеарнасындағы «Езу тартар» бағдарламасын жүргізді.
2007 жылы ҚР Мәдениет және Ақпарат министірлігінің «Құрмет» грамотасын иеленді.