Актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

1974 жылы 2 наурызда Қостанай облысы, Амангелді ауданында дүниеге келді.

1989-1993 жылдары 8-ші сыныптан кейін Арқалық  қаласының Музыка училищесінің хор дирижері  мамандағы  бойынша білім алды.

1994 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының  музыкалық драма актері  бөлімінінде білім алды.

1998 жылы Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына жұмысқа шақырылды.

Туған жылы: 2 наурыз 1974ж.
Сомдаған рөлдері:
Марапаттары:

1998  жылы Республикалық О.Бөкей атындағы көркем сөз шеберлігі  байқауының 3 орын иегері атанды.

1999 жылы Республикалық «Шабыт» фестивалінің «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша дипломанты.

2001 жылы осы номинация бойынша 2-ші орынды иеленді.

2004 жылдан бастап Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің  «Актер өнері және режиссура» кафедрасында ұстаз болып жұмыс істейді.

2014 жылы V Орталық Азия мемлекеттерінің Халықаралық театр фестиваліне Ж. Ануйдың «Жалын жұтқан Жанна ДꞌАрк» драмасымен қатысып Гран-приді иеленді. Сондай-ақ, актриса А. Бермұхамбетова «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясына ие болды. Қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Ә.Оразбеков;

2015 жылы театр көрермендері арасында театр әкімшілігі ұйымдастырған «Өз актеріңді таны» акциясының нәтижесінде жылдың «Үздік актрисасы» атағына ие болды.

2015 жылы Атырау қаласында өткен Р.Отарбаевтың Халықаралық Театр фестивалінде «Көлеңкесіз жолаушы» спектакліндегі Кәмилә рөлі үшін «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясын иеленді.

2016 жылы «Еңлікгүл - 2016» кәсіби сыйлығының «Үздік актриса» сыйлығының иегері.

        2016 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды