Актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

1976 жыл 26 қарашада Алматы қаласында дүниеге келді.

1983-1993 жылдары Алматыдағы №12 қазақ орта мектебінде білім алды.

1993-1997 жылдары Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы  Қазақ мемлекеттік театр және кино институты кино факультетінің «кино және театр әртісі» бөлімін Ә. Сығай, Т. Жаманқұловтардың сыныбын қызыл дипломмен бітірді.

1997 жылдан бастап Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында еңбек жасап келеді.

Туған жылы: 26 қараша 1976ж.
Ойнаған рөлдері:
Фильмдегі рөлдері:

2010 жылы «Жерұйық» фильмі (реж.С.Тәуекел);

2012 жылы «Астана жүрегімде» көркем фильмі;

2016 жылы «Анаға апарар жол» фильмінде Ананың рөлінде (реж.А.Сатаев);

2016 жылы «Так сложились звезды» фильмі (Қазақфильм киностудиясы);

2016 жылы «Анаға апарар жол» фильмі. Режиссері – Ақан Сатаев

Марапаттары:

- «Тұлпар» сыйлығының лауреаты;

«Еуразиялық көпір» халықаралық кинофистивальінде «Ең үздік әйел рөлі» аталымы бойынша жүлдегері;

- ҚР тұңғыш президенті – елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке алғыс хатымен марапатталған.

- 2016 жылғы ҚР тұңғыш президенті – елбасының мәдениет пен өнер саласындағы президенттік степендияысының иегері.

  • 2016 XXXVIII Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде және «Еуразиялық көпір» атты фестивальге қатысып, бас жүлдені иемденген «АНАҒА АПАРАР ЖОЛ» фильміндегі АНА рөлі үшін Алтынай Нөгербек «Үздік әйел адам рөлі» номинациясын жеңіп алды.

  • 2017 Қазақстан киносыншылар ассоциациясы ұйымдастырған «СЫНШЫЛАР ТАҢДАУЫ» жүлдесінде ҚАЛЛЕКИ театрының актрисасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – АЛТЫНАЙ НӨГЕРБЕК «ЕҢ ҮЗДІК АКТРИСА» атанды.