Актер

1976  жылы  17  қаңтарда  Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылында дүниеге келген.

1981-1992 жылдары аталмыш ауылдың М.Жұмабаев атындағы орта мектебінде оқыды.

1996 жылы Халықаралық қазақ–түрік  университетінің Өнер факультетіне  түсіп,  2000 жылы  «драма актері» квалификациясы  мамандығын тәмамдады.

2000-2007 жылдары Түркістан сазды-драма театрында актерлік қызмет атқарды.

2007 жылдан бастап Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында  актерлік қызметте жұмыс атқарып келеді.

Туған жылы: 17 қаңтар 1976ж.
Сомдаған рөлдері:
Фильмдері:

 -  Б.Қалымбетов «Сардар» - Ақберді /Қазақфильм/ 2003 жыл;

 -  Е.Тұрсынов «Келін» /Қазақфильм/ 2009 жыл;

 -  А.Сулеева, А.Райбаев «Жеңіс семсері»- Арыстан /Қазақфильм/ 2013 жыл;

-   Е. Тұрсынов «Жат» - Ілияс /Тұрсыновфильм/ 2015 жыл;

-   Ю.Ковалев  «Сторожова Застава» - Хан Андак /Украина. UA./ 2017 жыл;

-   Б.Қалымбетов «Талан» - Шорман  /Қазақфильм/ 2017 жыл.

Марапаттары:

2015 жылы ХІ Халықаралық Еуразия кинофестивалінде «Жат» фильміндегі Ілияс рөлі үшін «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясын иеленді.